• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 10:45:37
Алматы
+35°

01 Қараша, 2017 NEWS

Өзбекстан азаматы АҚШ-та теракті жасады

Көз жұмғандардың арасында америкалықтармен қатар Бельгия және Аргентина азаматтары бар

Нью-Йоркте Өзбекстан азаматы қасақана жаяу жүргіншілерді қаққан  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат  агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Осы оқиғаның салдарынан 8 адам көз жұмды.

Алты адам сол жерде мерт болды. Екі адам ауруханада жан тапсырды. 11 адам өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алды.  

Полицияның мәліметінше, қаскүнем ең алдымен Манхэттенде веложолда адамдарды қағып, одан кейін мектеп автобусын соққан.  

Көз жұмғандардың арасында америкалықтармен қатар Бельгия және Аргентина азаматтары бар. Бұл туралы Бельгияның сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс пен Аргентинаның СІМ хабарлады.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, ұсталған 29 жастағы Сайфулло Саипов Өзбекстан азаматы. Оның көлікті жалға алғаны анықталды.

Сайфулло Саипов 2010 жылы АҚШ-қа келген. 2015 жылы Пенсильванияда жол жүру ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір