• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:47:59
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 Аймақтар

Шымкентте ұлан жауынгерлері жоғалған үш бүлдіршінді тапты (фото)

Төрт жасар  Сұлтан және екі жасатағы Мәдина Ермектер Республика даңғылы бойында көзден таса болған.

Бірінші жағдай кеше кешкісін Адырбеков көшесінің бойындағы «Мадина» дүкеніннің маңында орын алды. Қарақұрым топтың арасында Қадиша адасқан болатын. Құрамында қатардағы  Мұса Қабдраш, Ержан Сағындықов және Геннадий Килин бар әскери жасақ, сол маңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша қызмет барысында жылап тұрған кішкентай қызды байқайды,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бүлдіршін көшеде атасымен бірге серуендеп жүріп, бір сәтте адасқанын білмей қалыпты. Кішкентай Қадишаның суреттеуімен баланың жақындарын іздеуге кірскен ұландықтар, көшедегі адамдардан сұрау жүргізеді. Араға жарты сағат салып  қыздың атасын тауып береді. Немересімен қауышқан ақсақал құқықтық тәртіп жауынгерлеріне қырағылығы мен жедел әрекеті үшін үлкен алғысын білдірді.

qamshy.kz

Екінші жағдай да жекесенбі күні кешкі мезгілде  болған. Ұлттық ұланның жауынгерлері қатардағы Ернар Қабылбек, Нұрдәулет Серікұлы  және Нұрғали Өмірзақов патрульдеу бағыты бойынша келе жатып, екі баланың жоғалғаны туралы ақпарат алады.

Төрт жасар  Сұлтан және екі жасатағы Мәдина Ермектер Республика даңғылы бойында көзден таса болыпты. Осыдан кейін, әскери жасақ тез арада жоғалған балаларды іздеу жұмыстарына кірісіеді. Ұландықтардың қырағылығының арқасында  шамасы он бес минут ішінде балалар табылып, жақындарына тапсырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір