• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:44:28
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017 NEWS

Шымкенттегі Каспий банк бөлімшесінен ұрланған қаржының сомасы белгілі болды

13 қазан күні 19.40-та Шымкент қаласындағы банктердің бірінде «дабыл түймешесі» қағылған болатын

Шымкентте қарақшы банктен 16 000 000 теңге, 23 000 АҚШ доллары мен 8 500 Ресей рублін қолды еткен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«13 қазан күні 19.40-та Шымкент қаласындағы банктердің бірінде «дабыл түймешесі» қағылды. Арада бірнеше минут өткен соң Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби ПБ-нің жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп жетті. Банк қызметкерінің сөзіне қарағанда, ғимаратқа бетіне бетперде киген белгісіз біреу еденге «жарылғыш пакет» тастап, түтін шығарып, балтамен қорқытып, ақша беруін талап еткен», - деп хабарлады ІІД.

Белгісіз азамат кассадан 16 млн теңге, 23 мың АҚШ доллары және 8 500 рубльді алып кеткен. Осы кезде қызметкерлердің бірі «дабыл түймешесін» басқан, алайда күдікті оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.  Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлімі «Аса ірі көлемдегі қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

Айта кетейік, кеше сағат 19:40-та Шымкент қаласындағы Каспий банк бөлімшесіне қарақшы шабуыл жасаған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір