14 Қараша, 2017 Аймақтар
Шымкентте жаңа вокзал ашылады
Шымкент қаласында жеңіл рельсті қоғамдық көлік пайда болады деп жоспарлануда
Шымкентте 2030 жылы жаңа вокзал пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 2020 жылы Арыс темір жол вокзалын қайта жаңғырту жұмысы аяқталады. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Шымқалада айналма жолдың қажеттілігі бірнеше жылдан беріліп көтеріліп келсе, көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес, 2020 жылы Шымкентте 3 айналма жолдың құрылысы аяқталады. 3 айналма жол қаланың оңтүстік, шығыс және батысы аумағына салынады. Және айналма жолдың көлемі 78 шақырымды құрайды.
2030 жылға қарай ұзындығы 118 шақырым болатын Шымкент оңтүстік айналма жолының, Сарыағаш айналма жолының құрылысы аяқталады және автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Айта кетсек, қаладағы халықаралық әуежайда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, Шымкент қаласында жеңіл рельсті қоғамдық көлік пайда болады деп жоспарлануда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір