• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:30:31
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Шымкентте «Қала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі аяқталды

Жас бүлдіршіндер арасындағы байқауда бәсекелестік басым болып, таланттылар өзара сынға түсті

Шымкент қаласында «Қала дауысы» байқауының іріктеу кезеңі аяқталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жас бүлдіршіндер арасындағы байқауда бәсекелестік басым болып, таланттылар өзара сынға түсті. Барлық қатысушылар жеңісті қолдан бермеу үшін барын салды.

«Өнерлі мыңды жығады» демекші болашаққа батыл қадам жасап, зеректігімен танылған жастар арамызда көп. Олардың қатарында 13 жастағы Зарина Нұржанова бар. 1,5 жылдан бері ән үйірмесіне қатысып жүрген өнерпаз аз уақыттың ішінде өз өнерін шыңдап, намысты қолдан бермеді.

Өнерпаздардың арасында 14 жастағы Нұрай Жанзақова да бар. Ерекше дауысымен елітіп, еліктіріп әкететін талант иесі қазылар алқасының да назарынан тыс қалмады. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жететінін» дәлелдеп, өзінің ешқандай үйірмеге қатыспай- ақ нағыз табиғи талант екенін танытты.

Өз кезегінде қазылар алқасы да болам деген балалардың белін буып, мақтау марапаттарын жолдады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір