• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:05:26
+35°

14 Қараша, 2017 Аймақтар

Шымкентте алғаш рет «Ontustik tourism. Invest 2017» форумы өтеді

Оңтүстік Қазақстан облысына биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 128 мың турист келген

Шымкент қаласында  14-16 қараша аралығында «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік-инвестициялық форум өтеді. Іс-шара «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт мәлімдеді.

шымкент

Басқарма басшысының айтуынша, аталған фестиваль Алматы қаласында бастау алып, Жамбыл облысында жалғасын тауып отыр. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында аяқталатын болады.

Сонымен қатар, Батырхан Құрмансейіт  форумның негізгі мақсатымен де таныстырып өтті. Еліміздегі туристік саланы дамыту мен Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау екенін тілге тиек етті.

Шараға 300-ге жуық адам қатысатынын да атап өтті. Олардың ішінде  Қытайдың туризм бойынша вице-министрі, Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі, туризм индустриясы комитетінің төрайымы, «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сонымен қатар, алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласының кәсіби мамандары, туристік ұйымдар, инвестициялық компания өкілдері болады. 

Туризм

Айта кететіні, форумға Қытайдың туристік ұйымдары  қызығушылық танытып отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысына биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша 128 мың турист келген. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 55 пайызға артып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір