• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:26:48
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыттың әрі қарай ұзақ мерзімге тоқтаусыз және апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында негізгі және қосалқы цехтардың технологиялық және сорапты-компрессорлық жабдықтары жөнделген. Құбыр желілері мен өндірістік пештері, электр жабдықтары мен бақылау-өлшеу аспаптары, сондай-ақ автоматика құралдары техникалық куәландырудан және жөндеуден өткізілген. Бұдан бөлек, бірлесіп жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес әрекеттегі технологиялық қондырғылар мен зауытты жаңғырту жобасы аясында салынған ірі технологиялық нысанның - RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы кешенінің жаңа қондырғыларын бір-біріне біріктіріп, қосу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өндірістің технологиясына және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес зауыттың технологиялық қондырғылары іске қосылып, тауарлы өнім шығарыла бастаған. 

Айта кетейік, бұған дейін аталған зауыттың күрделі жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Зауытты жаңғырту жұмыстары барысында RFCC каталитикалық крекинг кешенінің жаңа нысандары мен шымкенттік МӨЗ-дің қолданыстағы нысандарын интеграциялау бойынша іс-шараларды атқару жоспарланған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір