• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:07:19
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 Әлеумет

Шетелдегі қазақтардың бастан өткергені: Жезөкшелік, жыныстық бопсалау

Ілияс Омаров ҚР СІМ-дегі жұмыстың қиындығы туралы айтып берді.

Жақында Рамзан Қадыровтың ықпалымен Сириядан қазақстандық бес отбасы елге оралды.

Қазіргі таңда 390 қазақстандық бала Сирияда. ҚР СІМ оларды Қазақстанға қайтару жолдарын іздестіруде.

Осыған байланысты Сaravan.kz журналисі халықаралық ақпарат комитетінің басшысымен және «Дипломатический вестник» журналының редакторы, 2004-2013 жыл аралығында ҚР СІМ баспасөз хатшысы қызметін атқарған Ілияс Омаровпен сұхбаттасты.

- ҚР СІМ жұмысындағы негізгі мәселені атап өтсеңіз?

Елшінің жұмысы жедел жәрдемнің қызметі секілді. Қазақстандықтар шетелге келгеннен кейін ондағы жергілікті заңды білмегендіктен мәселе туындайды. Мәселен, қазақстандық АҚШ-қа барғанда бөлме тазалаушыға «Hello! How are you today?» деп айтудың орнына «I love you» деген. Ол бұл сөздер қал сұрауды білдіреді деп ойлаған. Бесінші күні әйел полицияға шағымданған. Қазақстандыққа жыныстық бопсалау бойынша іс қозғалған. Елшінің араласуымен мәселе оң шешімін тапты.

Шетелге шығатын Қазақстан азаматтарының көбеюі ішкі жағдайдың жақсарғанын айғақтайды. Туризм өскен сайын біздің жұмысымыз арта түседі.

Көбіне Арабияға кеткен отандастарымыз көмекке мұқтаж болып жатады. Қыздар түрлі жалған хабарландыруларға алданып жатады. Кейде шын мәнісінде қандай жұмысқа бара жатқанын білсе де білмегендей болады. Ерте ме кешпе елшіліктің көмегіне жүгіне алатынын біледі де күмәнді жұмыстарға барады.

- ҚР СІМ отандастарымызға қандай жағдайда көмектеседі?

Бізге түскен кез келген шағымды қараймыз.  Әрине барлығын бақылауымызда ұстай алмаймыз.

Мәселен, АҚШ-та елшілік екі жерде ғана бар. Ол Нью-Йорк және Вашингтонда орналасқан. Онда тек 2-3 адам ғана жұмыс істейді. Себебі одан да көп адамның жұмыс істеуіне қаражат жетіспейді. Ал АҚШ-та біздің азаматтарымыз өте көп. Кейбірі елге келгеннен кейін елшіліктің есебіне тіркелмейді. Соның салдарынан олар туралы білмей жатамыз.

Бір аптада бірнеше мәрте әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық істер болып жатады. Осындай кезде елші оқиға орнына барып, жағдайды анықтау қажет. Бірақ әркез бұл мүмкін бола бермейді. Сондықтан мәселені қашықтықтан шешеміз.

Келеңсіз жағдай көбіне АҚШ-та болады. Қазақстандықтар қаржы жымқырып, экономикалық қылмыс жағдайлар болып тұрады. Кейде одан да ауыр қылмыстар жасалып жатады.

Мәселен 2004 жылы Таиландта бір топ отандасымыз ішіне есірткі тығып келген. Оларға біреу тастап кетті деп айта алмады. Себебі есірткіні олардың ішінен тапқан. Оларды бірден ұстап алды. 4 отандасымыз кінәсын мойындады. Оларды өте ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

- Қазақстандықтар қауіпті аймақтан кетуден бас тартатын жағдайлар бола ма?

Иә, ондай жағдайлар болып тұрады. Мәселен, Фукусимадағы апаттан кейін ҚР СІМ арнайы ұшақ жіберіп бірден Алматыға ұшып келуге жағдай жасады. Сол кезде елге оралудан бас тартқандар болды. Олар жағдай тұрақталғанша күтетінін немесе басқа қалаға көшетінін айтқан.

Палестиналыққа тұрмысқа шыққан әйелдер соғысқа қарамастан Палестинада қалды. Осындай да жағдайлар болды. Осыған қарамастан «Оларды қалайша тастап кеттіңдер?» деген секілді сындарын айтатындар да болады. Бірақ біз ешкімді мәжбүрлей алмаймыз ғой. Бұл - олардың таңдауы.  

- Шетелде туыстары жоғалып кеткенде оларды іздестіру жұмыстары қалай жүзеге асады?

Мұндай жағдай жиі болып тұрады. 7 жыл бұрын Қазақстан азаматшасы Түркияға демалуға кеткен. Отандасымыз барда отырғанда полицейлер жезөкшелерді тұтқындаған. Отандысымзы да алып кеткен. Бірнеше күн хабарсыз кеткеннен кейін туыстары дабыл қаққан.

Елшілік барлық жерге сауал жолдады. Оны Измирден тапты. Оны әріптесіміз алып келді. Ол елге аман-есен қайтты. Түрік билігі ол кезде кешірім де сұрамады.

 Федор Неделько

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір