• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:52:51
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2018 NEWS

Шетелде оқитын түркімен студенттері жаппай оқудан шығып қалуы мүмкін

Былтыр желтоқсаннанибері Түркіменстан билігі шетелдерде картадан қолма-қол ақша алуға шектеу қойған.

Ресейдің жоғары оқу орындарында оқитын ондаған студент жеке есеп шоттарынан ата-анасы аударған ақшаны ала алмай отыр. Бұл жайында студенттердің өздері хабарлаған.

Студенттің айтуынша, Түркіменстан банкінен алған MasterCard картасынан қолма-қол ақша ала алмай отыр.

— Деканат егер семестр соңына дейін оқу ақысы төленбесе, оқудан шығасыңдар деп ескертті. Бізде оқу орнында Ресейде Әлем чемпионаты өтуіне байланысты сессияны алға жылжытты. Енді кейбір түркімен студенттері оқу ақысын төлеу үшін, күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр, - дейді Ресейде оқитын түркімен студенті.

Ол түркімен студенттері оқу ақысын төлеу мерзімін ұзартуын сұрап, күнде деканат алдына жиналатындарын айтады. Олар Ресейдегі Түркіменстан елшілігінен де көмек сұраған екен, бірақ еш нәтиже болмаған.

Былтыр желтоқсаннанибері Түркіменстан билігі шетелдерде картадан қолма-қол ақша алуға шектеу қойған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір