• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:03:46
Алматы
+35°

24 Қаңтар, 2018 Сегіз өрім

Шенділердің мұзжарғышы – Мәсімов

Қазақстанда ҰҚК-ға бас болудан артық абырой-бедел жоқ-ау деген ойға еріксіз тірелесіз.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы 2017 жылдың 4 тоқсаны бойынша шенді-шекпенділердің рейтингісін (үлгерімін деп ұғыңыз) жариялады. Жылдың алғашқы тоқсанында топ бастаған ҰҚК төрағасы К.Мәсімов сол арынымен әлі де алдына қара шығармай келе жатқанға ұқсайды. Сарапшылардың оған берген бағасы – +5. Қызық болғанда, Білім және ғылым министрі көштің соңында қалған. Оның үлгерім деңгейі – 2.

 Үздік төрттік

Сарапшылар саяси элитаны електен өткізгенде абырой-беделі мен жұмыс тиімділігін және келешегін есепке алған. Осы үш қырынан қарағанда да Кәрім Мәсімовтің саяси бейнесі 5 деген бағадан асып тұр. Беделі – 5,79, тиімділігі – 5,27, келешегі – 5,81. Әрине, қарапайым халық үшін К.Мәсімовтың асып-төгіліп жатқан абырой-беделі бар деп айта алмаймыз. Оның саяси карьерасындағы ел-жұртпен етене жұмыс істейтін және көпшіліктің алдында өзін танытатын қызметі – Үкімет басқарған кезеңдері болса керек. Бірақ Кәрім мырза бұл қызметке екі мәрте келсе де, «тіл сындырмаған» күйі кетті. Мемлекеттік тілде ашылып бір ауыз сөз айтпаған Үкімет басшысы жұрттың жүрегінен орын алады дегенге сену қиындау. Алайда мұны орайы келген соң ғана айтып отырмыз. Рейтинг түзген сарапшылар үшін мұның бірі де есепке алынбайды. Оларға 2017 жылдың 4 тоқсанында кімнің не бітіргені маңызды. Сонымен Мәсімов не бітірді? Ол 2016 жылдан бері ҰҚК төрағасы. Бұл қызметтің жұртқа жұмбақ ықпыл-жықпылы көп. Оның бәрі көпке жария бола бермейді. Сондықтан тындырса, тындырып та жатқан шығар. Әйтеуір К.Мәсімовтің ҰҚК-ға келгелі бері аты озып жүр. Осындайда еске түседі, ілгеріде ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев та ылғи алдыңғы лектен түспейтін. Соған қарасаңыз, Қазақстанда ҰҚК-ға бас болудан артық абырой-бедел жоқ-ау деген ойға еріксіз тірелесіз.

Кәрім Мәсімовтен кейін кілең бестікке ие болған шендіңіз – Ахметжан Есімов. Дегенмен Мәсімов пен Есімовтің арасына Әділбек Жақсыбеков қыстырылыпты. Оның бір 4-і бар. Әйтсе де, жалпы есеп бойынша Президент әкімшілігінің жетекшісі 5,32 балмен 5,27 бал жиған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төрағасының алдына шыққан.

Ә.Жақсыбековтің ақсаған тұсы – тиімділік. Дегенмен келешегі бойынша Есімовтен көш бойы озық тұр. Енді мұны немен түсіндіруге болады? 2017 жылы президент өкімімен Ә.Жақсыбековтің бұл қызметтегі өкілеттігі 2022 жылға дейін созылды. Президент әкімшілігіне жетекшілік ету дегеннің не екенін екінің бірі біледі қазір. Демек Ә.Жақсыбековтің екінші болып тұруға әбден құқы бар.

А.Есімов Алматыдан «айрылып» қалғанымен қызметі төмендеген жоқ. Т.Ермегияев істі болған соң, Елбасы «ЭКСПО-ның» жүгін Есімовтің иығына артқан. Көрме билікті күлкіге қалдырмай тыныш өтті. «Самұрық-Қазынаға» бас болу да оңай-оспақ қызмет емес. Сарапшылар осы жағын да ескерді ме деп ойлаймыз.

Үздіктер санын үшпен тұжырмай, төртке тіреуіміздің де өз себебі бар. Өйткені бұл орында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов тұр. Абырой-бедел аталымы бойынша жиған балы 5-тен жоғары. Тиімділігі де 5-тің үстіне шыққан. Егер беделдің дейгейін қарапайым халықтың көзімен анықтайтын болса, жұмысы тастай Тасмағамбетов біріншілікті бермей келе жатқан Мәсімовті бес орап кетері анық. Дегенмен мынауы да жаман емес. Тек оны төмендетіп жіберген – келешегі. Өткен жылғы апай-топай ауыс-түйістер кезінде Үкімет басшысының орынбасары болып жүрген И.Тасмағамбетов Мәскеуден бір-ақ шыққан. Мұны әркім әртүрлі бағалады. Елші болып кету – үлкен саясатта ойыннан тыс қалғанмен тең. Сондықтан сарапшылардың байламына келіспеске амалыңыз жоқ.

 

Қою шаңның ішінде

Алдына Қазақстанның Ресейдегі елшісін оздырып алғаны болмаса, “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі, президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаев әлі де бабында секілді. 2017 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша ол үшінші болып тұрған еді. Одан кейінгі орын Астана әкімі мен Мәжілістің төрағасына бұйырыпты. Әсет Исекешев пен Нұрлан Нығматуллиннің жиған балдарының жиынтығы – 4,88. Яғни, екеуі үзеңгі қағысып, қатар тұр.

Ал кімдер төмендеген? Жыл басында 6-ыншы болып тұрған Үкімет басшысы Б.Сағынтаев 13- сатыға бір-ақ құлдилаған. 9-10 орындарда Қ.Қожамжаровпен қатар тұрған Д.Назарбаева енді 17-18 орындарды А.Бисембаевпен бөлісуге мәжбүр бопты. Қ.Тоқаев құдды 8-орынды меншіктеп алған секілді, алғашқы кезеңдегі орнынан жылжымаған. Алға басқандардың қатарында 13-сатыдан 10-11-ға секірген Ж.Асанов, бір қадам алға жүрген А.Мамин мен Б.Байбек, 25-тен 12-ге бір-ақ ытқыған Ө.Шүкеев бар.

Көш соңында

Орташа балы 4-ке ілікпей қалғандардың тізімін Ішкі істер министрі Қ.Қасымов бастапты. Бұл енді соңғы кездері тәртіп сақшыларының атына жиі сын айтыла бастауымен байланысты болар деп топшылаймыз. Одан кейінгі орындарды Б.Сұлтанов пен К.Әбдірахманов өзара бөліскен. Жыл басында 4 алғандар қатарында болған Қ.Бозымбаев биылғы жанармайдың мың құбылған бағасы әсер етті ме, 26-27 орынға түсіп кетіпті. Д.Абаев пен М.Құл-Мұхаммедті, Қ.Келімбетов пен Б.Имашевті үлгерімі үшке бағаланғандардың жуан ортасынан табасыз. Алғашқы тоқсанда жұрттың соңында қалған А.Мұхамедиұлы әупірімдеп жүріп, үш адамның алдына шығыпты. Орташа балы – 3,31. Соңынан санағанда екінші орынға Т.Дүйсенова жайғасқан. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кейінгі кезде журналистерден жиі «таяқ жеп» жүр. Сарапшылар мұны да ескерген сыңайлы. Қысқасы, К.Мәсімовтен басталған тізімнің соңын Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев түйіндейді. Оның жиып-терген орташа балы – 2,97.

Сансызбай Нұрбаба

 

Таблица 1. Рейтинг управленческой элиты за 4 квартал 2017 года(оценка производится по 7-балльной шкале, где 0– отсутствие характеристики, а 7 – самый высокий показатель. Для рейтинга используется среднеарифметический показатель экспертных оценок).

ФИО итог авторитетность эффективность перспективность
1. Масимов К.К. 5,62 5,79 5,27 5,81
2. Джаксыбеков А.Р. 5,32 5,54 4,92 5,50
3. Есимов А.С. 5,27 5,58 5,08 5,15
4. Тасмагамбетов И. 5,02 5,27 5,28 4,50
5. Кулибаев Т.А. 4,90 5,13 4,54 5,02
6-7. Исекешев А.О. 4,88 4,88 4,64 5,12
6-7. Нигматулин Н.З. 4,88 5,04 4,88 4,73
8. Токаев К.К. 4,85 4,96 4,65 4,92
9. Кожамжаров К.П. 4,82 4,88 4,69 4,88
10-11. Асанов Ж.К. 4,69 4,58 4,72 4,77
10-11. Мамин А.У. 4,69 4,58 4,69 4,81
12. Шукеев У.Е. 4,63 4,96 4,44 4,50
13. Сагинтаев Б.А. 4,59 4,96 4,27 4,54
14. Байбек Б.К. 4,56 4,23 4,31 5,15
15. Шпекбаев А.Ж. 4,55 4,31 4,73 4,62
16. Касымбеков М.Б. 4,47 4,88 4,68 3,84
17-18. Бисембаев А.А. 4,46 4,29 4,58 4,50
17-18 Назарбаева Д.Н. 4,46 4,85 3,88 4,65
19. Досаев Е.А. 4,22 4,13 4,19 4,35
20. Жумаканов В.З. 4,19 4,08 4,50 4,00
21. Жумагалиев А.К. 4,07 3,92 4,08 4,20
22. Касымов К.Н. 3,99 4,35 4,08 3,54
23. Султанов Б.Т. 3,92 3,96 3,88 3,92
24. Абдрахманов К.К. 3,90 3,73 4,12 3,85
25. Мами К.А. 3,84 4,36 3,64 3,52
26-27. Байжанов Г.Ж. 3,82 3,85 3,90 3,70
26-27. Бозумбаев К.А. 3,82 3,92 3,58 3,96
28. Жасузаков С.А. 3,80 3,88 3,96 3,56
29. Кул-Мухаммед М. 3,77 3,92 3,72 3,68
30. Абаев Д.А. 3,74 3,38 3,81 4,04
31. Касымбек Ж.М. 3,73 3,58 3,69 3,92
32. Келимбетов К.Н. 3,72 3,81 3,58 3,77
33. Мынбаев С.М. 3,71 3,88 3,69 3,54
34. Ермекбаев Н.Б. 3,68 3,69 3,69 3,65
35. Имашев Б.М. 3,61 3,63 3,65 3,54
36. Сулейменов Т.М. 3,54 3,50 3,46 3,65
37. Акишев Д.Т. 3,49 3,42 3,58 3,46
38. Атамкулов Б.Б. 3,43 3,42 3,63 3,25
39-40. Бекетаев М.Б. 3,41 3,23 3,58 3,42
39-40. Биртанов Е.А. 3,41 3,42 3,54 3,27
41. Абдибеков Н.К. 3,35 3,24 3,44 3,38
42-43. Алдабергенов Н.Ш. 3,31 3,23 3,38 3,33
43-43. Мухамедиулы А. 3,31 3,27 3,38 3,27
44. Абдыкаликова Г.Н. 3,27 3,27 3,23 3,31
45. Дуйсенова Т.К. 3,19 3,12 3,35 3,12
46. Сагадиев Е.К. 2,97 3,15 2,92 2,85

Примечание. В опросе, проводимом ОФ «ЦСПИ «Стратегия», приняли участие 27 экспертов – политологи, политические обозреватели и журналисты, аналитики, бизнесмены и общественные деятели.

Таблица 2. Топ-10  управленческой элиты за 1-4 квартал 2017 года

ФИО 4 квартал 3 квартал 2 квартал 1 квартал
1. Масимов К.К. 5,62 5,19 (1) 5,43 (1) 5,19 (1)
2. Джаксыбеков А.Р. 5,32 5,09 (2) 5,08 (2) 4,95 (3)
3. Есимов А.С. 5,27 4,91 (3) 4,49 (8) 4,51 (14)
4. Тасмагамбетов И.Н. 5,02 4,65 (4) 4,81 (3) 4,77 (5)
5. Кулибаев Т.А. 4,9 4,87 (5) 4,57 (7) 4,80 (4)
6. Нигматулин Н.З. 4,88 4,72 (6) 4,79 (4) 4,64 (7)
7. Исекешев А.О. 4,88 4,46 (7) 4,49 (9) 4,46 (17)
8. Токаев К.К. 4,85 4,77 (8) 4,43 (12) 4,59 (8)
9. Кожамжаров К.П. 4,82 4,56 (9) 4,49 (10) 4,57 (9-10)
10. Асанов Ж.К. 4,69 4,47 (10) 4,24 (16) 4,52 (13)
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір