• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:09:48
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2018 NEWS

Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

24 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жауын жауады, тұман түседі, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз 23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман болып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, Алматы облысының кей жерлерінде күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір