• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:26:03
Алматы
+35°

30 Наурыз, 2018 NEWS

Семейдегі су тасқыны: Тұрғындарды эвакуациялап жатыр

Қазір Краевая көшесінен - 41, Бобровка кентінен 34 адам эвакуацияланды.

Семейде тағы бірнеше ауданды су басып, 75 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілуде, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Осы уақытта Лодочная және Затон аудандарын, Бобровка кентін, Краевая көшесін су басып жатыр. Қазір Краевая көшесінен - 41, Бобровка кентінен 34 адам эвакуацияланды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда, оған 7 техника мен қалалық ІІБ-нің 24 қызметкері жұмылдырылды. Тасқын сумен күрес іс-шаралары жүргізіліп, су айдайтын техникалар жұмыс жасауда.

«Қазір Ертіс өзеніндегі мұзды жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аяқталса жағдай қалыпқа келеді. Тұрғындарды эвакуациялау жалғастырылуда. Барлығы бақылауда. Қажетті шаралар қолға алынды. Тұрғындарды сабырлыққа шақырамыз», - деді қалалық Азаматтық қорғаныс жедел-штабының ақпараттық қызметінің өкілі Мейіржан Амангелдиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір