• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:42:52
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2018 NEWS

Семейдегі оқушылар апатты жағдайда оқуға мәжбүр

Семейдегі оқушылар апатты жағдайдағы мектепте білім алуға мәжбүр. Себебі мектеп сыныптарының қабырғалары көгеріп, құлаудың аз ақ алдында тұр.

Семейде №28 мектептің оқушылары спорт және акт залы мен мұғалімдер бөлмесінде оқып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір шатыры тесік мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзақ жыл жөндеу көрмеген білім ошағы биыл жөнделетін мектептер тізіміне енген. Тендер жарияланып, жеңімпаз анықталғаннан кейін мердігер мекеме жұмысты бастап кеткен. Сондықтан екі аусымда білім алатын мыңға жуық оқушы спорт және акт залы мен мұғалімдер бөлмесінде оқуға мәжбүр. Мектептің шатыры ескірген. Жаңбыр жауса төбесі тесік мектептің іші суға толады. Сондықтан келер оқу жылына дейін жұмысты аяқтау үшін мердігер жөндеуді ерте бастаған көрінеді. Алайда ата-аналар балалары үшін алаңдаулы.

«Мен оқушылар үшін уайымдаймын. Мектептің төбесі өте жұқа. Ал жоғары сынып оқушылары қазір спортзалда білім алуда. Ал бастауыш сынып оқушылары дәлізде оқуда. Ең үлкен қауіп - бұл шатырдың төбесінен құлап жатқан кірпіш пен тастар. Оқу жылының соңын тоспай жөндеуді бастап кеткендеріне наразымыз»,- дейді ата-аналардың бірі Валентин Пимонов.

Ата-аналардың сөзінше, мектептегі соңғы қоңырау да жөндеу жұмыстарына байланысты мерзімінен бұрын өтпек.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір