• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:10:10
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2018 NEWS

Сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуірде жылы және суық күндер алмакезек болатындықтан құбылмалы күн райы күтіледі.

Сәуір жылы әрі жауын-шашынды болады. Бұлу туралы  «Қазгидромет» РМК ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқарамасының басшысы Гүлмира Ақышева Астанада өткен баспасөз мәслиxатында хабарлады.

«Әсіресе айдың бірінші және екінші онкүндігінде күн жылы әрі жауын-шашынды болады. Сонымен қатар, сәуірде жылы және суық күндер алмакезек болатындықтан құбылмалы күн райы күтіледі.

Ең төменгі температура бірінші онкүндіктің соңына қарай болады. Еліміздің солтүстік өңірлерінде ауаның температурасы түнде 5-15 градусқа, күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстік бөлігінде ауаның температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендейді. Сәуірдің ортасы мен үшінші онкүндіктің орта шенінде Орталық Азиядан келетін жылы ауа массаларына байланысты жылы күн райы орнайды. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы 15-23 градусқа дейін жоғарыласа, оңтүстікте 20-28 градусқа дейін жылынады. Бірақ сәуір айында ауа-райы әлі де алдамшы болғандықтан, бұндай жылы күндер ұзаққа созылмайды. Үшінші онкүндіктің басында және соңына қарай күн райы қайтадан суыта түседі. Еліміздің солтүстік аймақтарында жауын-шашынды болады. Түнде ауаның температурасы 0-ден төмен, күндіз 5-15 жылылықты көрсетеді. Ал оңтүстік өңірлерде өткінші жауын жауып, найзағай күркірейді. Ауаның түнгі температурасы 5-10 градус жылы, күндіз 15-20 дейін көтеріледі», - деді Гүлмира Ақышева.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір