• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:39:26
Алматы
+35°

07 Шілде, 2018 Аймақтар

Сарайшық қалашығы аумағында жағалауды бекіту жұмыстары аяқталды

Атырауда Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Астана күні мерекесі қарсаңында Атырау облысында мәдениет үйі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша, 13 санат бойынша кезекте тұрғандарға пәтер секілді әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді, сонымен қатар Сарайшық қалашығының орнын сақтап қалу мақсатында жасалған жағалауды бекіту жұмыстары аяқталды.
 
Атырауда Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік бағдарламада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев: "Астана-бірлік пен берекенің, еліміздің телегей табыстарының символы. 20 жыл ішінде Астана еліміздің жүрегіне айналды. Мұның бәрі мемлекет басшысының идеяларының сәтті жүзеге асқанының көрінісі. Бүгінгі Астана армандарды, шығармашылық жоспарлар мен инновациялық идеяларды, батыл бастамаларды жүзеге асыру алаңы. Елордамыздың еңсесі биік бола берсін, Қазақстанымыз дамып, барлық адам бақытқа кенелсін,-деп тілегін арнады.
 
Мерекелік шарада ҚР Президентінің 20 маусым 2018 жылғы Жарлығымен Атырау облысының 33 тұрғыны "Астанаға 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. Олардың арасында еңбек ардагерлері, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, білім беру, медицина, БАҚ салаларының қызметкерлері бар.
 
6 шілде, Астанаға 20 жыл болған мерейлі күні Махамбет ауданындағы Сарайшық қалашығында жағалауды бекіту жұмыстары аяқталды. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев облыс тұрғындарын атаулы күнмен құттықтады.
 
-Сарайшық-тарихи орын. Жібек жолы бойында орналасқан бұл көне шаһар енді туристік орталыққа айналады. 2015 жылы қалашық орнын Жайықтың тасқын суынан сақтап қалу үшін қаражат бөлінді. -деді Әлібек Нәутиев. - Қазақстандықтар үшін маңызды мереке-Астананың 20 жылдығында жұмыстың аяқталғаны да жақсылықтың нышаны. Мемлекет басшысы еліміздегі киелі орындарға әркез көңіл бөліп келеді. Болашақта туристік орталық салуды жоспарлап отырмыз. Айта кетейік, екі жыл ішінде құрылысшылар биіктігі 3,6 м, ұзындығы 1,5 м қорғаныс бөгетін салды. Бұл Астана күні мерекесі қарсаңында 
аяқталған бір ғана нысан емес, бұған дейін Махамбет ауданының Береке ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілді. Облыста бірнеше әлеуметтік нысан тапсырылды. Кеңөзек селолық округінде ДСК, дәрігерлік амбулаториялық бөлімше ашылды. Жылыой ауданында 580 орындық екі балабақша жұмыстарын бастады. Атырауда 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Астананың 20 жылдығы қарсаңында атыраулық 195 отбасы баспаналы болды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Береке ықшамауданында 195 пәтерлік тұрғын үй тапсырылды. Ол үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқылы 13 санат бойынша кезекте тұрғандарға берілді. 2018 жылы аймақта 3892 пәтерлік 44 тұрғын үйдің құрылысы басталды, 34 үй жыл аяғына дейін беріледі. Облыс орталығында 39 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр, қалғандары аудандарда. 
Айта кету керек, бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш.
 
Астана күнінде Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына мерекелік бағдарлама ұсынылады, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, балалар шығарашылығы фестивалі, стритболдан спорттық жарыс,қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті, мерекелік отшашу бар. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір