12Желтоқсан

РИМ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕТІ РУЫ

РИМ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕТІ РУЫ

«Рим және оның қарамағындағы жерлер:  Рим республикасы, Рим империясы, Батыс Рим империясы, Шығыс Рим империясы, Адрианның патшалығындағы империя.

Ежелгі Рим (лат. Roma antiqua) — ерте заманның бас өркениеттерінің бірі, өз атауын Ромулдың атымен аталған астанасының есімінен алды» (Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет).

Европа халықтарының басым көпшілігі өз мәдениеттері мен діндерінің бастауын «Барлық жол Римге апарады» делінетініндей осы Рим империясынан алады.

Сол кезеңдерден қалған жырмен жазылған жазба мұра «авторы Гомер делінетін «Илиада» мен «Одиссея». «Одиссея» Илиаданың жалғасы екені белгілі, себебі онда Троя соғысынан кейінгі оқиғалар баяндалады. «Илиададай» мен «Одиссея» 24 кітапқа бөлінген. «Одиссеяның» құрылысы (композициясы) «Илиададан» күрделі. «Илиаданың» сюжеті бір ізді келсе, «Одиссеяның» әңгімесі әрекеттің ортасынан басталады. «Илиададан» гөрі «Одиссеяда» бас кейіпкер бейнесіне ерекше көңіл аударылған» (Көне Грек әдебиетінің архаикалық дәуірі. Энциклопедия). 

Түсініктеме: Илиада - Қазақтың "Ел Ата", ал «Илиададай» - Адай елі дегені. Сол сияқты гректердің «Эллада» деп жүргендері де осы "Ел Ата".

«Ел» мен «Ил» синоним. Еділ-Итил, Ертіс-Иртыш, Елек-Илек, Есіл-Есил т.т. болып қолданыла береді. Қазақта «елі (бір елі, екі елі т.т.» деген сөз ұзындық өлшемін білдірсе, оларда да «ил (мил)» сондай мағына береді. Айырмасы, олардың «бір милі» - 1,6 км-ге тең болса, ал біздің бір еліміз сол өлшеудің ең басы дегенді білдіреді. Демек, бұл бүкіл әлем елдері Қазақтың «бір рулы елінен» бастау алады дегенді білдіргені.

Олар ежелгі (көне) деген сөзді «Антик» дүниесі деп атайды.  «Ан» - Манқыстау (Мандардың қыстауы) дегеніміздегі Манның және сонымен қатар Ана деген ұғымымыздың сөз түбірі. Демек, Олар өздерінің ежелгі Маңғыстаудан, яғни МАД патшалығынан тарайтынын жақсы білген. Өздеріңіз көріп отырғандай, осы «Ан» түбірінен көне, ежелгі деген мағына да, бүкіл әлем елдерімен қолданылатын «Антик» сөзі дүниеге келді. Батыс ілімі  Антик дүниесіне тек қана ежелгі Грекия мен Рим мәдениетін жатқызып жүр. Олардың тұжырымынша, бұлардың негізін қалаушылар ежелгі гректер делінеді. Олар өздерін «Елдіктер» (Эллиндер), ел атауын Ел Ада (Эллада) деп атады. Шындығында,  олар сол өңірге кезінде осы қазақ даласынан кеткен. Оған дәлелге олардың өздерін Елдіктер, елін Ел Ата, мемлекетінің атауын Грекия деп атаулары жарап жатыр. Гректің сөз түбірі «Ек (Екі)», бұл қазақтың сандық атауы. Біздің сөздік қорымыздағы Ек, Екі,  Еке (әке), Тек (Ата тек), Теке (Текеран), Меке, Сенек деген сөздердің болуы осыдан.

Ел Атаның Қазақ шежіресіндегі атауы Елтай, яғни Ел Адай. Демек, европалық «антик» дүниесі өздерінің шыққан тегі Қазақ елі мен Қазақ даласы екендігін кәміл мойындап отыр.

 

Қазақтың қайқы қылышын көне гректер мен римдіктер «Марс қылышы» деп әспеттепті. Аспандағы алып планетаға да осы есімді еншілепті.

Түсініктеме:  Марс – Ман арыс, яғни Маңғыстаулық арыстар. Оған айғақ іздеп алысқа ат шаптырудың да түкке қажеті жоқ. Маңғыстаудың ежелгі қорымдарындағы құлпытастардың барлығынан дерлік  «қазақтың қайқы қылышын» көреміз. Кейбіріндегі айқастыра салынған екі қылыштың бейнесін көргенде, «крестің де» қайдан шыққанын айқын аңғаруға болады. Маңғыстаудың көптеген ескі қорымдарындағы құлпытастарда крес таңбалары да бар.

Құмық Мұрат Әжiнiң «Дештi-Қыпшақ даласының жу­­са­­ны» кiтабында крест-айқыштың тәңiршiлдiктiң бас таңба­­сы екендiгi, оны Римге тәңiршiл ғұндар апарғандығы туралы баян­­­­далады.

Гомердің тегі Бұзау. Қаз Адайдың шежіре дерегі бойынша, Бұзау – Адайдың жетінші буын ұрпағы және алтыншы немересі болып табылады. Олардың қайқы қылышты пір тұтатын себебі, Қазақтың қайқы қылышының авторы - Бұзаудың үлкен ұлы Айтумыстан тарайтын Шылым (Чулум). Әлем картасында Шылым деген жер-су атауларының көптеп кездесетіні осыдан. Шылым мен қылыштың түбірлес болатыны да осыдан. Бұл жерде  "авторлық құқық" сақталып отыр.

Әйтпесе, Адайдың «бес жүйрігінің» бірі атанған Бұзау Ата ұрпағы, жыр дүлділдерінің бірі Кенже Ақтан Керейұлы (1850-1912) атамыз:

«Мен Адайдың Ақтаны

Сөйлеген сөзі тақталы

...Сөйле» десең жыршыңыз

Алдарыңда жортақтар.

Туған айға ат берген,

Ақ қағаз бен хат берген

Екі ерін мен тіл-таңдай

Сөйлесін деп жақ берген.

Айтқан сөзге түсінбес

Адамның мисыз ақымағы», – деп жырламаған болар еді (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет); Өздеріңіз көріп отырғандай, Айға «Ай» деп ат қойғандар да, ақ қағазды ойлап тауып, оған хат жазғандар да, шежірені қағазға түсіргендерде осы Адай атамыздың ұрпағы Бұзау - Айтумыс деп отыр. Бұл жерде де «авторлық құқық» сақталып отыр.

Қазақта ежелден бері ауыздан түспей, үнемі айтылып келе жатқан «Қарқараға жаның жеткенше шыда» деген сөз және қазақ даласында Қар (баламасы ақ, ақша қар), Қара, Қарқара атты топономикалық атаулар өте көп кездеседі.

Түсініктеме: Эней баспаналаған Карфаген қаласының толық атауы Қар Апа кенті. Кар-Қар, фа-Апа, ген-кен (кенті) болып талданады. Кент қазақта (тұрғыны көп елді мекен), яғни қала деген мағына бергені сияқты, парсы тілінде де қала, шаһар; көне латын тілінде адам, адамдар, халық деген мағынаны білдіреді. «Илиададағы» Троя төңірегінде Қарқара атты шың бар. Дастанда: «Кронұлы (Зевс) Идаға, аң-құстың нулы-сулы анасына, Тоғайы мен құрбандықханасы орналасқан Қарқараға келiп, жүйрiк сәйгүлiктерiнiң тiзгiнiн тартты», деген жолдар бар.

Рим имериясының мемлекеттік жүйесі де, Қазақ қағанатының Ата тектік (рулық, тайпалық) жүйесіне сәйкес жасалған. Мысалы, Рим республикасында ақсақалдар құрған кеңес-сенат Рим өмірінде ерекше орын алды. Оның мүшелерін сенаторлар деп атады. Олар осы қызметті өмір бойы атқарды. Қазақ қағанатының үш жүзден құралатынына сәйкес, Римдегі Сенат құрамы да 300 адамнан құралды. Жоғарғы мемлекеттік деңгейге жетті. Сенаттың билігі үлкен болды. Сенатта қаражат, соғыс, бітім, келісім мәселелері кеңінен қаралды.

Рим республикасында қазақтың «үш жүзіне» сәйкес халық жиналысының 3 түрі болды: Курия - ру бірлестіктерінің жиыны, центуриат – патрицилер мен плебейлердің жиналысы, трибалар (трибуна) – халық жиналысының соңғысы. Атқарушы өкімет билігін жүргізушілерді магистраттар деп атады.

Б.з. I ғасырдың соңы - II ғасырдың басында осы Рим империясында «еврейлік діндарлардың» ұйымдастырумен Иса пайғамбардың Билердің білімін (Библиясын) бұрмалаудан пайда болған Христосқа сиынатын әртүрлі қауымдар мен ұйымдар пайда болды. Кейіннен бұл дінді басқа ұлттар – гректер, сириялықтар, египеттіктер, римдіктер, галлдар қабылдай бастады.

Евангелиенің төрт авторы бар. Матвей (Матай), Марк, Лука және Иоанн. Христиандарда осы төрт автордың төртеуі де киелі саналады. Төрт Евангелиенің төртеуі төрт түрлі болғанымен, Матай, Марк және Луканың Евангелиесінің ұқсас жерлері көп, яғни оқиғалар мен өсиеттер қатар өріледі, ал Иоанн (Йохон, Жохан) Евангелиесі кейіпкерлерінің аты бір болғанымен мағынасы басқа. Еврейлерді ежелгі қазақтардың Жөгі (Жохан) деп атайтындары осыдан.

Римдегі алғашқы заңдар б.з.д. V ғасырда он мыс тақтаға, кейіннен он екі мыс тақтаға жазылды, сондықтан оны «ХII кесте заңдары» деп атады. Кесте жұрттың көз алдында тұруы үшін Форумға қойылды. Қалада тұратын әр адам 12 кесте заңдарын білуге міндетті болды.

«Аппенин түбегінде алғаш рет прототүркілерден тұратын 12 қала-мемлекеттен тұратын қуатты бiрлестiктiң (б.д.д. ҮII ғ.) негiзi қаланды. Олар Көк бөріні туына салды. Римнің қақ ортасына «қаншық қасқыр мен егіз ұлдың (Рем мен Ромулдың)» тас бейнесін орнатты. Бұл бейне ұзақ уақыттар бойы Римнің елтаңбасы болды» (Энциклопедиялық деректен).

«Он жылға созылған соғыстан кейiн Троя жалын құшты. Ал оның ажалдан аман қалған қорғаушылары жан-жаққа бытырап бас сауғалаған. Олардың арасында Трояның Гектордан кейiнгi батыры Эней де бар едi. Эней және оның бiр топ тайпаластары өздерiне қоныс қылар мекен iздеп жүрiп, Апеннин түбегiнен жаңа Отан табады. Осында олардың ұрпақтары Рим қаласының негiзiн қалайды, ал ол кейiн әйгiлi Рим империясының астанасына айналады. Мiне, Энеймен бiрге Троядан Аппенинге ауған осы халық этрустер едi. Этрустердiң Апеннинге Кiшi Азиядан қоныс аударғанын бүгiнгi тарих та жоққа шығармайды. Кiм бiледi, Римнiң негiзiн қалаған он екi тайпаның бағзы түркi тiлiнде сөйлеген тармағының өкiлi, бәлкiм, осы Гомер поэмасындағы Эней - Iнәй батырдың өзi болар?!» (Әмірхан Балқыбек. «Гомер эпосының жаңғырықтары»).

«Он екі кесте заңдары», «Он екі қала-мемлекет», «Он екі тайпа» Қазақтың қарашаңырағы «Он екі Ата Байұлы» қағидасына сәйкес жасалған.

Өздеріңіз көріп отырғандай, қазақтың мемлекеттік  жүйесін «Қаз-қалпында» қайталап отыр.

Лингвист Марио Алинейдің 2013 жылы шығарған кітабының аты «Этрускілердің тегі түріктер еді» деп аталады. Автордың тұжырымы бойынша Римнің негізін қалаған Етрурилер (Жетірулар).

...«Қазіргі Италия жерінде Каспий даласы маңынан барған оғыздар, Троя (Бұқа, Өгіз, Тур үштігі) соғысынан кейін (біздің жыл санауымыздан 1260 жыл бұрын) Жетру (Жеті ру, Этрурию) мемлекетін құрған. Жалпы осындай дәстүр ежелден бар. Ұйғырлар өздерін тоғызоғыз, наймандар – сегізоғыз, қырғыздар – қырықоғыз т.б. деп атаған.

        Біздің ж.с.б. Ү111 ғасырда жетірулар ұлы Рим империясын құрып, осы империяның негізін қалаған Ромул мен Ремді асырап-баққан қасқырға ескерткіш қояды. Сонда Италия деген сөзіміз Ителі, яғни қасқырдың елі болып шығады. Ал, қазақта қасқырдан туған деп тек қана Матай мен Садыр рулары айтылады» - дейді педогогика ғылымының докторы Қайрат Зәкірянов.

Бұған қосарымыз, түріктер де өз тегін Алшын - Көкбөріден бастамайтын ба еді. Тура осындай Жеті ру бірлестігін ХҮ111 ғасырда Әз Тауке хан да қазақтың кіші жүз құрамында тура сол рулардан құрған болатын.

Демек, Рим империясының негізін қалағандар Алшынның  (Кіші жүз – Бекарыс) үш баласының ортаншысы Жетірулардың  (Тана, Табын, Кердері, Керейт, Рамазан, Жағалбайлы, Төлеу) ата-бабалары болып табылады.

Қаз Адай шежіресі оларды Бекарыстан: Алшын (үлкені),  Кеншінді (кішісі) деп таратады. Кеншін атамыздан Жеті рулар тарайды.

Көкбөрі Алшынның лақап аты. Бөрі, Көкбөрі қасқырдың балама атауы. Қазақ оны кейде ит-құс деп те атай береді. Қасқыр мен Қазақ сөзінің түбірі бір. Демек, қасқыр сөзі біздің ата-бабаларымыздың арасында дүниеге келген. Әрине, ең бірінші даланың жыртқыш аңын даланың төл перзенті Қазақ танымай кім танушы еді.

Оның тағы бір себебі, қасқыр ешқашан қолға үйренбейтін, бостандыққа аса құштар, үнемі далаға қарап ұлитын, өте шыдамды, қанша қырса да ешқашан тұқымы құрымайтын жыртқыш аң болып табылады. Бұл жыртқыш аңның авторы бүгінгі Қазақ  (Қас) пен Қырғыздардың аталары. Бастау нүктесі, яғни атасы – Әз (Аз) әулиенің моласы жатқан Маңғыстаудағы Үстірт (Қыр). Міне осы бір ауыз қасқыр деген сөз, қазақ пен қырғыздың туыс ел екенін және қырғыздың қазақтан, яғни Қас билер елінен бөлініп шыққанын көрсетеді. Қырғыз дегендегі түбір сөз Қырдың екінші буында тұруы тек қана осыны білдіреді. Жарайсыңдар, Аталарым! Сөз жасасаң осылай жаса! Тарих жазсаң осылай жаз! Сендердің бұл жазғандарыңды мың, миллион жылдардан да кейін оқуға болады. 

Бізге бұл жерде бүкіл әлем елдерін мойындауға мәжбүр ететін жағдай, осы Италия елін құрған Жетірулардың (көшпенділердің) кезінде даланың қасқыр, қарсақ, түлкі сияқты аңдарын қолға үйретуі іске асты. Сол үшінде олар Ит елі (итті қолға үйреткен, ит ұстаған ел)  аталып кете барды.

Матай демекші, Матай өз тегін Манғыстаудағы МАД патшалығынан алады. Олар ежелгі жазба деректерде МАД, Мадай (Матай), Маадай-Қара, Манадай деп хатталған. Ежелгі Мидия патшалығы да кезінде Мадай деп аталыпты.

Бүкіл әлем елдері өздерін Алтайдан таратады және оны кәміл мойындайды. Ал, Алтайдың тегі Маңғыстауда. Алтайлықтардың арасында жырланатын «Ма Адай-Қара» батырлық дастаны осы айтқанымыздың айдай айғағы болмақ.

«Осы Италияның Венеция қаласындағы «Чини» ғимаратының екінші қабатындағы мұражай бөлмеде кәдімгі біздің Түркістандағы Тайқазан сияқты қазан бар. Көлемі одан кішірек, бірақ металы, өрнектері ұқсас. Қауіпсіздік мақсатында қазан түбі ағашпен дөңгелене қапталған. Қоладан құйылған, сызықтармен он үш шақты жерінен бөлінген, бетіне өрнектер салынған, төртінші бөлігінде арыстанның басы бейнеленген, бесінші бөлігіндегі суреттер түлкіге, маралға, тиінге ұқсайды. Алтыншы бөлігінде қазақтың ұлттық өрнектеріне ұқсаған ирек, қошқар мүйізді оюлар бар. Төменгі жағы шашақты етек тәрізді өрнектелген. ...бесінші бөлімдегі суреттер араб жазулары, өрнектеліп жазылған «Мұхаммед» деген сөз қазанды айналдыра 23 рет жазылған. Чини сарайындағы ескі ғимараттың мәрмәр тастан жасалған бағана, баспалдақтарында «қошқар мүйіз» оюлар қашалып салынған». («Үш қиян». Түркістанда – Тай қазан, Венециядағы қай қазан?! №48 (456) 10.12.2009). 

Түсініктеме:  «Чини» ғимаратының атауынан қазақтың Шың (биіктік), (Шын (ақиқат), Сын, Сынды, Сынтас, Син, Синай, яғни Маңғыстауда Мұса пайғамбарға Ұлы Жаратушы – Алланың аян берген жері атауын көреміз. Маңғыстаудың қырында «Шың» атты биіктік пен Сынды тауы, Сынды асуы, Сынды құдығы күні бүгінде де бар. Маңғыстаулық Қырдың балама атауы Үстірт (Үстіңгі жұрт), яғни Ұлы Жаратушыны (Тәңірді, Құдайды, Алланы) ең бірінші таныған жұрт.

«Осы Италиядағы бүгінгі Монте Кива тауының бұрынғы атауы Албан тауы деп аталыпты» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы. 2008 жыл).

«Қазақ Көкбөріден жаралдық дейді. Итальяндықтар Қара қасқырды еміп адам болдық дейді. Бәрінің төркіні бір. Қасқырдың ит тұқымдас екені әуелден мәлім. «Итальян» сөзінің түпкі шығу тегі – «ит-ал-ман» десек, қателеспейміз. «Ит емізген адам» дегенді білдіреді. Екінші­ден, қазақта аналықтың бөтен, жетім төлді «алуы» – «емізуі» деген мағынада. Бұл – көнеріп бара жатқан сөз. Италияның ежелгі түркілермен байланысы Аттиладан да (т.ж.б. – 453 жылы қаза тапқан) сан ғасыр бұрын болған. Бұл арийлер мен ежелгі түркілердің бұдан бес, алты мың жылдың аралығында Ұлы Дала бойымен Батыс Еуропаға өткен дәуірлерінде, одан бұрын да болғанын байқаймыз. Содан тіл алмасулары да жүзеге асқан. «Ит-ал-аман» біздегі «итемген» (ит-ем-ген (ит емуші адам) есімдігімен мағыналас. Бұл жерде «ген» – «адам» мағынасында. Мәселен, «көреген» – көргіш адам» (Мір Шайыр).

Осы күнгі «білгіш-тарихшылар» аузын ашса болды, Атам Қазақтың барлық сөзі мен тарихын өзге ұлттарға апарып телиді. Айтатындары орыс айтты, парсы айтты, арап айтты, қытай айтты болып кете береді. Тура бір қазақтың таңы соларсыз атпаған сияқты. Ақиқатында, мұның бәрі керісінше болған, яғни бүкіл әлем елдерінің тарихы бастауын Қазық жұрттан (Қазығұрттан, Қазақтан) алады.

Маңғыстаулық Ман Адайлардың Адам Ата мен Ауа Ананың, сонымен қатар қазақтың да қарашаңырағының иесі екендігін айғақтайтын шежірелік деректерді, Қаз Адайдың кез-келген шежіре-дастандарынан таба аламыз.

Мысалы, Арабтар да, Рим империясының негізін қалаған Жетірулар да (Етрурилер) Анес сахабаның кезінде 125 таңбалы қазақтың құрамында болған. Жетірулар күні бүгінде де Қазақтың Кіші жүзінің құрамында бар. Біз бұның дерегін Адай – Келімберді - Мұңалдың - Жаулы - Ескелді аталығынан өрбитін Сүгір жырау Бегендікұлының (1894-1974) «Шежіре жыр» дастанынан табамыз:

«Ыбырайым, Кенған екі ауыл                 

              Алжасып дінге таласқан,  

              Кенғанның бір әулеті       

              Іше берген арақ-шараптан.

              Ыбырайымның әулеті

              Келемесін қайырып

              Ақан таудың етегі (Ақ тау, Ақ Ман тауының М.Қ.)

              Арапа бізге болсын деп (Ардың апасы (анасы) болсын деп М.Қ.)

              Алты тақта араптан (Қазіргі Арап жұрты (Арабия) М.Қ.)

              Әжі барып дәм татты.

              Әжі білімді бұлақтан (Тәз әке білімінен, Тәжінің түбірі Әжі М.Қ.)

             Он сегіз мың ғаламды

             Сонда Сүлейменге сұратқан

             Мұсылман, кәпір бірігіп

             Араласып жүргенде

             Құлшылық үшін Құдайға

             Мұхамбетке үмбет болғанда

             Бір діндегі халықпыз,

             Атамыз Әнес сахаба,

             Мұсылманның баласы

             Жүз жиырма бес таңбалы

             Осы отырған көпшілік

             Сол Әнестің аумағы.

             Арабтар асып кетіпті

             Мекке, Мединә болад деп

             Мұсылман діннің қақпағы,

             Асан қайғы, Қазтуған

             Алты жұрт кеткен бұл жерден

             Әнестен туған Жабал-ды,

            Түп атамыз Майқы би,

            Жайылхан мен Сейілхан.

            Сейілханның баласы

            Сегіз арыс түрікмен

             ...Қазақ пен Қалпақ бір туыс

             Жақын екен арасы,

             Қазақ пен Қалпақ - екі ауыл

             Алау батырдың баласы,

             Қалпақ екен ағасы.

             ...Ақарыс пен Жанарыс,

             Кішісі – атам Бекарыс –

Үш ананың баласы.  («Жыр дария», 448-449 беттер). Жыр оқиғасы Маңғыстауда, яғни қазіргі Ақтау қаласы мен Кендірлі аймағында болғаны және олардың ол жақтарға осы өңірден кеткені «Араптар асып кетіпті» деп айқын көрсетіліп тұр.

Ыбырайым ауылы – Алшыннан тарайтын Шыбынтай (Қыпшақтар), яғни Балықшылар.  Шыб пен Қыптың сөз түбірі (өз түбі, атасы) Ыб (ып) болатыны осыдан.

          «Қазақ бір деген ел едік,

          Қайырлы халық атанған.     

          Өсіп өнген қатардан:  

          Үйсін, Арғын, Алшын деп,

          Үш жүз болып атанған» (Қашаған «Бес ғасыр жырлайды». Алматы, 1989. 101 бет).

Кенған ауылы – шежіреде айтылатын ағайынды Алшын мен Кеншіннің кішісі - Кеншініміз осы. Кеншіннен жетірулар (етрурилер) тарайды. Кенғанның топономикалық айғақтамасы Маңғыстаудағы Кендірлі шығанағы.

Кендірлі аймағы ең ежелгі атауларға толы. Ол жерде Ада атты арал, Ақсу, Қоса, Көсе, Тоқпақ тауы, Ақыртас, Ақтас, Қақпақ атты микротопонимдер мен Темір баба әулие қорымы бар. Осы өңірдің жалпы атауы Қазақ мүйісі деп аталады. Демек, бұл атаулардің бәрі Қазаққа тиесілі деген мағынаны білдіріп тұр.

Жырда алты тақта арабтардың 125 таңба қазақтан бөлініп шығып отау тіккені, қазақтардың күні кеше Алтын Ордадан жаңа отау болып бөлініп шыққан өзбектерді  «өз ағам» дегені сияқты, Қарақалпақта Қазақтың ағасы делінеді. Жырда Қазақтың қарашаңырақ иесі екендігі айқын суреттеледі. Жырдағы «Он сегіз мың ғаламды, Сүлейменге билеткен» аса білімді Әжі бабамыздың  бейіті де осы Манқыстауда, Таушық кентінің терістік жағында 13-15 км. жерде, күні бүгінде де «Әжі баба» әулие деп аталады. 

Ал, Сүлейменге келсек, он сегіз мың ғаламды билеген Дәуіттің (Давид) ұлы Сүлеймен (Соломон) атамызда қазақтың бел баласы. Әйтпесе, оның Сүлей деген аты қазақ елі арасында «Сүлей» - «Ол, нағыз Сүлейдің өзі ғой» - деп,  ең бірінші, ұлы деген мағынада қолданыста болмаған болар еді. Сүлей Ман – Сүлей Манның баласы деп айтылмаған болар еді. Сүлейменнің тегі қазақ болмаса, оның есімі қазақтың сөздік қорында «Сыр сүлейі», «Жыр сүлейі», «Күй сүлейі» деген мағына да қолданылмаған болар еді. Сүлеймен пайғамбар Сыр өңірінде (қазіргі Түркістан) ғұмыр кешкен. Сүлейменнің анасы Япа  сол өңірдегі Ақмешіт жерасты мешітіне жерленген делінеді. Сыр сүлейі деген сөздің толық мағынасы, Сүлеймен Сыр өңірінің ұрпағы (баласы) деген сөз. Шынында да ұлы Атамыз осы өңірде ғұмыр кешіп, осы өңірден «он сегіз мың ғаламға» әділдікпен билік жүргізген.  Сүлейменнің ата жұрты бүгінгі қазақ даласындағы Манқыстау мен Сыр өңірі.  Ман қыстау – Сыр жайлау. Атам қазақтың «Қыс қыстау, Жаз жайлау» деген ұғымдарының бастау тегі осы.

Әңгіменің қысқасы бүкіл әлем елдерінің тарихын Атам Қазақтың рулық шежіресінен айна қатесіз табуға болады.

Тарих сүйер қауымға берер кеңесім, әлем тарихын даладан іздеудің түкке де қажеті жоқ. Өзіміз де, яғни Қожа Ахмет Иассауи мен Әулие Бекет – Пір Ата ұстанған тарихат (Тарих Ата) жолында  бәрі бар. Мұндай ілім жер беті елдерінің ешқайсысында жоқ десе де болады.

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы,

Маңғыстау

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 жыл бұрын

    Адайлар расында батыл жандар. Алғашқы рет техникумға түстім ол кезде жасым 16. Сонда оңтүстіктің еңгезердей жігіттері де менімен бірге түскен айтайын дегенім түнде жоғары курста оқитын асқа ұлттың бір топ жігіттері келіп бізге соқтығысты мен олармен соғыстым сонда қалған жігіттер маған көмектеспей тұрды қорқып бірақ мені ұрып тастады содан соң қорқақтарды басқа ұлт жігіттері тепкілеп тастады. Сонда олардың біреулері де қол көтеруге жарамай түнде елдеріне қашып кетті. Содан олар құтырып адай жігіті жататын басқа бөлмеге барып тиіскен, бірақ ол бәрін быт -шыт қылып тым-тырақай қашырды. Жүрегі мықты еді. Аты Машырық болатын. Адайлар расында мықты.

  • 1 жыл бұрын

    Жалғасы 1 Түрікменстаннан алып, Маңғыстауға қайта қосуды Жалау бастаған, ол ерте қайтыс болды, оның бастаған ісін кейін Н. Төреқұлов жалғастырып, Жалаудың арманын орындады. Қазақтың алғашы милициясы, былайша айтқанда атты əскері Ахал-Теке жорығы кезінде алғаш Маңғыстауда, адай жылқысына мінген Адай жігіттерінен құралып құрылды. Санаулы шолақ мылтықпен патша өкіметінің мұздай құрсанған əскерін қырып салып, атымен тіке шауып барып подполковник Рукиннің басын шауып тастаған халық батыры Досан Тəжиевтің ерлігі сол заманда Орта Азия көлемінде болмаған ерлік. Қазақты қынадай қырған казак атаманының Маңғыстауға келіп, Адайлармен соғысып, қан жоса боп əскерінен айрылып, қалғаны шөлден қырылып басын сауғалап шетелге қашып бара жатып, "ең соңғы Адайдың сүйегін музейден көрсем арманым жоқ" деуі нені білдіреді. Адай сен айтқандай жаман болса, Құрманғазы адуынды күйін арнар ма еді? Аллам Пір Бекетті Адайдан туғызар ма еді? Адайлар қазақтың шекарасын кеңейтіп,

  • 1 жыл бұрын

    Жалғасы 2 мұнайлы, қазыналы, киелі Маңғыстауды қосып берді. Басқа қайсың бар қазаққа жер қосып берген, керісінше қазақ қазақ болғалы ата-бабадан мирасқа қалған жерден айрылып қалып отырсыңдар. Айта берсем, көп. Бірақ, мұның бəрі тарихта айтылмайды, бағасы берілген жоқ. Себебі сол -Қазақ арасындағы алауыздық. Екіншіден,Лениннің Адайдан ешкім басшылыққа алынбасын деген бұйрығына бола, орысқа ғана емес оларға ерген, олардың айтқанына бас шұлғи жөнелетін сен сияқты бауырларымызға жеккөрінішті көрініп кетуіміз. Бірақ, уақыт - əділ. Бəрі орнына келеді, ақиқат түбі жеңеді. Біз болмасақ, біздің ұрпақтарымыз қауышар ол жақсы күндермен.

1
«Наурызбай ауданында трансформатор қондырғыларының тозу көрсеткіші 70%»
12/12 13:51 0 1327
2
Шымкентте жаңа жыл қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары пысықталды
12/12 13:41 0 1384
3
Жамбылдық жастар «Азаматтық бақылауға» кірісті
12/12 13:36 0 537
Журналист сауалнама кезіндегі пікірлерді естіп қатты таңғалды (видео)
12/12 13:36 0 207
Мінсіз мансапқа жетелейтін 5 тәсіл
12/12 13:25 0 50

Таныстырылғандар

Бүгін - Тұңғыш Президент күні
Бүгін - Тұңғыш Президент күні
Бүгін - Тұңғыш Президент күні
Тәуелсіздікті армандаған бабаларымыздың тілегі 1991 жылы қабыл болып,  1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Президенті болып сайланған еді
01/12/2017 09:26 17 690
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады
01/12/2017 16:15 0 1957
Түркия ер адамдардың шаштарын қараға бояуына тыйым салды
Түркия ер адамдардың шаштарын қараға бояуына тыйым салды
Түркия ер адамдардың шаштарын қараға бояуына тыйым салды
Бұл туралы Түркиядағы дін істер жөніндегі басқармасының өкілі мәлімдеді.
02/12/2017 17:09 1 968
Алматыда жантүршігерлік жол апатында жолаушы қаза тапты (фото)
Алматыда жантүршігерлік жол апатында жолаушы қаза тапты (фото)
Алматыда жантүршігерлік жол апатында жолаушы қаза тапты (фото)
Жол көлік апаты салдарынан соққыдан зардап шеккен көлікте отырған жолаушы қаза тапты.
05/12/2017 08:49 0 2074
Әуезов ауданында оқу орнының тапшылығы 3 047,5 құрайды
Әуезов ауданында оқу орнының тапшылығы 3 047,5 құрайды
Әуезов ауданында оқу орнының тапшылығы 3 047,5 құрайды
Аудан бойынша 32 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды
05/12/2017 14:38 0 1048
Жергілікті әскери басқару органдарында жұмылдыру әзірлігі басталды
Жергілікті әскери басқару органдарында жұмылдыру әзірлігі басталды
Жергілікті әскери басқару органдарында жұмылдыру әзірлігі басталды
Жауынгерлік әзірлік іс-шаралары барлық елдің Қарулы Күштерінде өтіп жатыр.
05/12/2017 16:02 0 274
Дәрігерлер өлім азабын жеңілдететін «Өлім машинасын» жасады
Дәрігерлер өлім азабын жеңілдететін «Өлім машинасын» жасады
Дәрігерлер өлім азабын жеңілдететін «Өлім машинасын» жасады
Машина 3D-принтерде шығарылады
06/12/2017 10:50 1 759
Қазақ тілін үйретуге арналған «balatili.kz» сайты онлайн жұмыс істейді
Қазақ тілін үйретуге арналған «balatili.kz» сайты онлайн жұмыс істейді
Қазақ тілін үйретуге арналған «balatili.kz» сайты онлайн жұмыс істейді
«balatili.kz» сайты балаларға қазақ тілін үйретуге арналған интерактивті онлайн платформа.
06/12/2017 12:28 0 311
Қазақ ойшылдарының дәстүрлі діни дүниетанымы
Қазақ ойшылдарының дәстүрлі діни дүниетанымы
Қазақ ойшылдарының дәстүрлі діни дүниетанымы
Қазақ халқының діни дүниетанымының дәстүршілдігі, оның синкреттілігі мұнда исламның өзгеше түркілік реңге ие болуына әкелді.
06/12/2017 13:06 0 364
Жүрсін Ерман: Айтысты радикалдық діни топтар иемденіп кете ме деп қорқамын
Жүрсін Ерман: Айтысты радикалдық діни топтар иемденіп кете ме деп қорқамын
Жүрсін Ерман: Айтысты радикалдық діни топтар иемденіп кете ме деп қорқамын
Кейде өкінесің, рас. Ылғи кедергіден көз ашпай қойды ғой, айтыс. Арман деген — сол, ойлағаныңа жете алмау, жеткізбейді.
08/12/2017 11:08 5 1506
Ғарышқа қазақстандық ұша ма? Аэроғарыш комитеті жауап берді
Ғарышқа қазақстандық ұша ма? Аэроғарыш комитеті жауап берді
Ғарышқа қазақстандық ұша ма? Аэроғарыш комитеті жауап берді
Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі қазақстандық ғарышкерді ғарышқа ұшыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ.
08/12/2017 16:13 0 170
Илья Ильин спорттық жарыстарға қайтадан қатыса алады
Илья Ильин спорттық жарыстарға қайтадан қатыса алады
Илья Ильин спорттық жарыстарға қайтадан қатыса алады
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы белгілі қазақстандық спортшы Илья Ильинді екі жылға дисквалификациялағаны белгілі
09/12/2017 15:36 0 347
Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Ақ матаға қай бояу да жұғады, Жұққаны үшін кінәлі боп шығады
10/12/2017 16:33 0 476
Шымкентте пәтерден 4 адамның мәйіті табылды
Шымкентте пәтерден 4 адамның мәйіті табылды
Шымкентте пәтерден 4 адамның мәйіті табылды
Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
11/12/2017 11:13 0 642
Қолында тұтанған темекісі бар Ким Чен Ын зымыранға отырды (фото)
Қолында тұтанған темекісі бар Ким Чен Ын зымыранға отырды (фото)
Қолында тұтанған темекісі бар Ким Чен Ын зымыранға отырды (фото)
«Ким Чен Ын – жаңа барон Мюнхаузен».
11/12/2017 15:54 0 632