• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:33:13
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2017 IT

Роскомнадзор WeChat мессенджерін Ресейде бұғаттады

Азия елдерінде танымал қытайлық WeChat мессенджері Ресейде бұғатталды. Роскомнадзор (Ресейдің ақпараттық технология және коммуникация саласына бақылау жасау...

Азия елдерінде танымал қытайлық WeChat мессенджері Ресейде бұғатталды. Роскомнадзор (Ресейдің ақпараттық технология және коммуникация саласына бақылау жасау қызметі) тыйым салынған сайттар тізіміне wechat.com адресін де қосқан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі vesti.ru-ға сілтеме жасап.

Тыйым салынған сайттар тізіміне «Restricting» ескертпесімен wechat.com да қосылған. Бұғаттау  WeChat техникалық домені мен барлық қызметтік IP адрестерге қатысты. Сондықтан мессенджер чатын пайдалану да мүмкін емес. Бұған дейін ондай ескертпемен «интернет-рация» Zello, Line және BBM мессенджерлеріне де бұғат қойылған. Белгілі болғандай олардың иелері  ақпарат таратшы болудан және Ресей құқық қорғау органдарына өз тұтынушыларының мәліметтерін беруден бас тартқан.

Ресейдегі WeChat қолданушылары Twitter-де сервистің қолжетімді емес екенін хабарлады. Көптеген провйдерлер WeChat ресми сайтына байланысты үзді. Алайда Роскомнадзор қытайлық микроблог желісін жауып тастағанына ресми түсініктеме берген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір