• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:03:40
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 NEWS

Республикалық көшбасшылық мектебі «Ауыл Көшбасшылары» жобасын құрастырды

«ЖАҢА ҰРПАҚ» Республикалық көшбасшылық мектебі көрсетілген жағдайды өзгертуге бағытталған «Ауыл Көшбасшылары» атты арнайы жоба құрастырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстан өзіне-өзі қол жұмсау саны бойынша әлемдегі бес елдің қатарында. Ауылдық аймақтағы балалар арасында өзін-өзі өлтіру санының өсу фактісі көп қапаландырады. Балалардағы өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері: эмоционалдық және физикалық теріс қылық, ата-аналардың қараусыздығы, құрдастарының ар-ұждандары, өзіне-өзі күмәндану және өзіндік құндылықты түсінбеуі болып табылады.

Осыған орай, «ЖАҢА ҰРПАҚ» Республикалық көшбасшылық мектебі көрсетілген жағдайды өзгертуге бағытталған «Ауыл Көшбасшылары» атты арнайы жоба құрастырды.

2018-2019 жж. «ЖАҢА ҰРПАҚ» өзіне, Қазақстан Республикасының барлық ауылдарында көшбасшылық бойынша тренингтер өткізу бойынша стратегиялық міндет қойып отыр. Бұл жобаны дамытуға және де ауылдық жастарды дамытуға, кәсіпкерлер қаржылай қолдайтынын атап өту керек.

Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі жүзеге асырылуда, оның шеңберінде Маңғыстау облысының ауылдық мектептерінде 68 тренинг ұйымдастырылды.

Бұл тренингтерге 8000-ға жуық жоғары сынып оқушылары қатысты.

Осы тренингтер барысында бір айдың ішінде өз ауылдарында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын топтар ұйымдастырылды.

Екінші кезеңде жобалардан жақсы нәтиже алған командалар іріктеліп алынады.

          Үшінші кезеңде 10 адамнан тұратын 10 команда таңдап алынып, Алматы қаласының оқу-жаттығу жиындарына қатысуға жолдама алады.

«Ауыл көшбасшылары» жобасының әлеуметтік маңыздылығын және еліміздің ауылдарындағы күрделі қаржылық жағдайды ескере отырып, үшінші кезеңді ұйымдастыруға 20 миллион теңге жинау жоспарланып отыр (1 қатысушыға 200 000 теңге мөлшерінде). Бұл қаражат жобаның негізгі шығындарын - Ақтау-Алматы-Ақтау бағытын, «Өрнек» лагері базасында 7 күндік тұрмысты, күніне 6 рет тамақтануды және қалалық турларды қамтиды.

21 мамырда қаражат жинау үшін еліміздің кәсіпкерлері, сондай-ақ көрнекті өнер қайраткерлері шақырылатын қайырымдылық кеші ұйымдастырылады.

Біз сізден осы жобаға қолдау көрсетуіңізді және бұқаралық ақпарат құралдарыңыздың кеңістіктеріне жариялауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, біз сізді осы жобаның аясында 21 мамырда қайырымдылық кеш өткізуге шақырамыз.

3 жыл бойы «Жаңа Ұрпақа» көшбасшылық мектебі жасөспірімдік мәселелер бойынша, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас, кәсіптік бағдарлау, олардың «жеке басын» қалыптастырып, ел жастарының моральдік, рухани тәрбие және даму идеяларын қолдайды. «Жаңа Ұрпақ» құрылғаннан бастап, көшбасшылыққа бағытталған 4 мыңнан астам тренингтер өткізді, Қазақстанның 17 қаласынан 10 мыңнан астам мектеп оқушылары оқу бағдарламасы бойынша өтті.

2016 жылы біз ЮНЕСКО клубының ресми мәртебесіне ие болдық. Сол сияқты, «Жаға Ұрпақтың» ауылдық жерлердегі жастармен жұмыс тәжірибесі бар.

«Жаңа Ұрпақтың» миссиясы – Қазақстанның жаңа, көшбасшы ұрпағын тәрбиелеу арқылы, мемлекетімізге әлемнің ең дамыған 10 елінің қатарына кіруге көмектесу болып табылады.

2030 жылға қарай «Жаңа Ұрпақ» өзінің сүйікті ісімен айналысатын 100 000 көшбасшыны оқытып шығуды жоспарлап отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір