• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:35:13
Алматы
+35°

26 Сәуір, 2018 Аймақтар

Республикалық комиссия отырысында 138 оқулықты мектепте қолдану ұсынылды

Б. Кәрімова: Республикалық комиссиялардың отырысында 138 оқулықты мектептерде қолдануға ұсынды

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова айтты.

Бейбіткүл Сәрсемханқызының ақпаратынша, оқыту процесіне енгізілетін оқулықтарды іріктеудегі шешуші іс-шара - пәндік және Республикалық комиссиялардың отырыстары болды. Бұл комиссиялар қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған 186 оқулықтарды қарастырып, 138-ін мектептерде қолдануға ұсынды.

Білім және ғылым министірінің бұйрығымен Мектепке дейінгі және орта білім оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін басып шығаруға дайындауды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобы құрамында 15 журналист пен баспасөз өкілдері, 17 лингвист-ғалымдар (Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мамандары), пәндер бойынша 75 маман (23 ғалым, 44 мектеп мұғалімдері, 8 әдіскер) болды,-деп атап өтті ол.

Жұмыс тобы 2018 жылдың 9-26 сәуір аралығында 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған оқу әдебиеттеріне баспа алды пысықтау жұмыстарын жүргізді.

Әр пән мамандары пәндік және Республикалық комиссиялар берген ескертулер мен ұсыныстар бойынша жұмыстар жүргізді. Жұмыс барысында оқулықтардағы мәліметтер нақтыланып, тапсырмаларға, иллюстацияларға, анықтамаларға  және көркем шығармалардың үзінділеріне қатысты ұсыныстар жасалды. Ұсыныстар мен ескертулер бірден авторлармен келісе отырып өңделді. Баспасөз өкілдері оқулықтардағы барлық мәтіндердің әлеуметтік қабылдауына қатысты мұқият қарап шықты. Тіл біліміне қатысты мамандар оқулықтардағы терминдердің аудармасын және сөздердің жазылуын бір ізге түсірді. Осы атқарылған жұмыстар оқулықтардың сапасын жақсартуға елеулі үлесін тигізді деп сенеміз.

Әр пән бойынша атқарылған нақты жұмыстар туралы Жұмыс тобының мүшелері толығырақ айтып береді,-деп сөзін қорытындылады Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір