Ресейдің келесі президенті кім? (фото)

Ресейдің келесі президенті кім? (фото)
Ⓒqamshy.kz collage

18 наурызда өтетін президент сайлауында Ресей халқы өз таңдауын жасайды. Әлеуметтік-экономикалық, саяси шешімдер қабылдап, реформа жүргізуге 4 жыл аз болғандықтан, биыл президент 6 жылға сайланады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ресей президенттігіне үміткерлер тізімін оқырман назарына ұсынады.

Владимир Путин

Путин

Владимир Путин өле-өлгенше президент болығысы келетін сияқты. Ол бұған дейін үш рет сайлауда жеңіске жетті. Бір рет өз орынтағын Дмитрий Медведевке бергенімен, оның көзбаяушылық екенін, шын мәнінде бар билік Путиннің қолында тұрғанын жұрт білді. Президенттікпен уақытша қоштасқан Путин сол аралықта Медведевке жол көрсетіп, бағыт-бағдар сілтеп отырды. Сарапшылар алдағы сайлауда да Путиннің озатынына сенімді.

Ксения Собчак

Ксения Собчак

Ксения Собчак атақты. Алайда аса беделді тұлға емес. Владимир Путиннің бұрынғы басшысы, Санкт-Петербург губернаторы болған Анатолий Собчактың туған қызы. Ксения бұдан бұрын Путинмен әкесі туралы түсірілетін фильмге байланысты кездесіп, өзін президентікке ұсынатынын мәлімдеген екен. Собчактың айтуынша, Путин мұнысын онша ұната қоймаған. Кейбір Ресейлік БАҚ: «Ксения Собчактың үміткер ретінде ұсынылуы – халық назарын оппозиционер Алексей Навальныйдан аудару үшін әдейі ойлап табылған амал», – дейді.

Ал Алексей Навальный – бірнеше рет танымал шенеуніктерді сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған оппозиционер. Ол бұрын сотталғаны үшін сайлауға қатыса алмады.
Ксения Собчак әйел болса да, өзге кандидаттардан гөрі батыл пікірлер білдіріп, өз ойын ашық айтады. Осыған дейін ол Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен Орыс проваслав шіркеуін қатты сынаған.

Сергей Бабурин

Сергей Бабурин

90-жылдары саясаткер ретінде танымал болған. Қазіргі уақытта бұрынғыдай атақты емес. Кезінде Кеңестік Ресей Федерациялық социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің және мемлекеттік Думаның депутаты және Думаның вице-спикері болып қызмет атқарған. Кейінгі уақытта ешқандай қызметке тағайындалмады.

Сергей Бабурин – «Ресей жалпыхалықтық одағы» партиясың негізін салушы. Аталмыш партия өкілдері Сергей Бабуринді президенттікке үміткер ретінде ұсынып отыр.

Владимир Жириновский

Владимир Жириновский

Қазақстанда тұрып, «су ішкен құдығына түкірген» Владимир Жириновский биыл алтыншы рет сайлауға қатысты. Арзан атақ пен қара пиарға құмар Жириновский бұған дейінгі сайлауда, тіпті, 2-орынға да ие бола алмады. Ол 2004 жылы сайлау кезінде өзінің орнына күзетшісі Олег Малышкинді қойып, сайлауға қатысудан бас тартты. Қанша рет жеңіліске ұшыраса да, сайлауға қатысудан шаршаған емес.

Григорий Явлинский

Григорий Явлинский

Григорий Явлинский 90-жылдары «Алма» («Яблоко») партиясының басшысы ретінде танылған. Осыған дейін екі рет, 1996 және 2000 жылы өткен сайлауға қатысып, жолы болмады. Үшінші рет 1 миллион қол жинай алмағандықтан, сайлауға қатыстырылмады.

Павел Грудинин

Павел Грудинин

Аяқ астынан кандидаттыққа ұсынылған кеңшар директоры Сталинді және құлпынайды жақсы көреді. Көпшіліктің ойы түгіл түсіне кірмеген президент тағына үміткер Павел Грудинин желтоқсанның соңына дейін өзінің ондай жоспары туралы айтпаған.

Ленин атындағы Кеңшар директоры Ресейдегі ең танымал құлпынай өндірушінің бірі ретінде белгілі. Осы уақытқа дейін коммунистер араласпаған Грудинин 2000 жылы Путиннің сенімді өкілі, 2010 жылға дейін «Біртұтас Ресей» партиясының құрамында болды.

Шетелдік БАҚ дерегіне сенсек, Павел Грудиннің шетелдегі шотында мол қаражаты бар. Ол өзі басқарған шаруашылықтың жер телімін заңсыз сатқан. Грудиннің пікірінше, Сталин – соңғы 100 жылдағы ең үздік басшы.

Максим Сурайкин

Максим Сурайкин

Ресей Федерациясы коммунисттік партиясының бірден-бір танымал мүшесі. Алғашында РФ комуннисттік партиясының мүшесі болған Максим Сурайкин кейін өз ұйымын құра бастайды. Ол 2010 жылы «Ресей коммунисттері» ұйымын басқарады. 2012 жылы партия мүшелерінің санын 500-ден асырғаннан кейін партия ретінде тіркеп, өзі сол партияның көсемі болып сайланды.

2013 жылы Мәскеу мэрінің сайлауында кандидат ретінде бағын сынап көрмек болды. Алайда құжаттарын уақытында тапсырмағандықтан, сайлауға қатыса алмады.

Борис Титов

Борис Титов

2012 жылға дейін жеке кәсіпкерлердің құқығы жөніндегі уәкілетті өкілі болып қызмет атқарған. Былтыр жазда сайлауға қатыспайтынын айтқан Борис Титов желтоқсан айында ол ойынан айнып қалды. Титовтың отбасы «Абрау-Дюрсо» атты аққайнар (шампан) зауытына иелік етеді, Борис Титовтың өзі зауыттың директорлар кеңесін басқарған.

Борис Титов бұрын-соңды сайлауға қатыспаған.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    путин арамза болады да

    • 3 ай бұрын

      ПУТИННЕН БАСҚАСЫ ӘШЕЙІН БЕРІЛГЕН РОЛЬДЕРДІ ОЙНАЙТЫН ҚУЫРШАҚТАР.

      • 3 ай бұрын

        Путин арамза емес,орыстың нағыз басшысы.Ельцин ішіп-қуып жүріп,тарқатып,таратып жіберуге шақ қалған орыс мемлекетін қайтадан еңсесін тіктетіп,әлем санасуына жеткізген басшы--неге арамза болсын.Дәл қазір одан өзге ол елді ұстап тұра алатын жан жоқ.Әлде анау сайқымазақ,елін күнде сататын Навальный,Собчактарды лайық көресіңдер ме.Орыстарда ақымақтарынан ақылдылары көп болар.Медведевті көріп еді бір срок,сәл болмағанда елді жоғалта жаздады ғой.Біздің басымызға да әлде сонай сайқымазақтардың келуін қалайсыңдар ма.Қазаққа да ,қазақты тоңқайып жатқан жерінен тұрғызатын,басшы келсе ,жаман болмас.

        • 3 ай бұрын

          Коп тоңқайған адам ұқсайсың ғой!

        • 3 ай бұрын

          @Еркек ))

      1
      Балқаштағы №15 мектеп-лицейге Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов есімі берілмек
      26/05 13:58 1 86
      2
      Жандарбек Бекшин Алматыда тараған менингитке қатысты түсінік берді
      26/05 11:47 0 99
      3
      Джекрмал Чарло Головкиннің орнына "Канеломен" кездесуге дайын екенін айтты
      26/05 10:59 0 150
      18 жастағы оқушы өз мектебін сатылымға қойған
      26/05 10:36 2 373
      Алматы мен әзірбайжандық Гянджа бауырлас қалаларға айналуы мүмкін
      26/05 10:23 0 217

      Таныстырылғандар

      Алматыда ашынған саудагерлер бас көтерді  (видео)
      Алматыда ашынған саудагерлер бас көтерді (видео)
      Алматыда ашынған саудагерлер бас көтерді (видео)
      Автобөлшек сататын орталықта нанын тауып отырғандар контейнерді жалға алу ақысының күрт артуына наразылығын білдіріп бүгін бас көтерді.
      16/05/2018 00:04 0 1727
      Ердоған БҰҰ-ны айыптады
      Ердоған БҰҰ-ны айыптады
      Ердоған БҰҰ-ны айыптады
      Ердоғанның айтуынша, ұйымның жағдайы әдбен нашарлап кеткен.
      17/05/2018 12:02 0 608
      Отырарда тұңғыш рет "Музей түні" өтті
      Отырарда тұңғыш рет "Музей түні" өтті
      Отырарда тұңғыш рет "Музей түні" өтті
      Ғасырлар тереңінен сыр тартқан өлке тарихымен жете танысуға шақырған «Музей түні» мәдени шарасы ауызашарға ұласты.
      19/05/2018 10:25 0 476
      Мақтаралда электронды мемлекеттік қызметтердің үлесі 55,2%-ға жетті
      Мақтаралда электронды мемлекеттік қызметтердің үлесі 55,2%-ға жетті
      Мақтаралда электронды мемлекеттік қызметтердің үлесі 55,2%-ға жетті
      Жәрмеңкеге қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың жолдары көрсетілген үгіт-насихаттық парақтар таратылды
      17/05/2018 14:16 0 61
      Шымкентте отбасымен демалатын алғашқы «Арбат» ел игілігіне берілді
      Шымкентте отбасымен демалатын алғашқы «Арбат» ел игілігіне берілді
      Шымкентте отбасымен демалатын алғашқы «Арбат» ел игілігіне берілді
      Қаланың жасыл желегіне жаңа рең қосқан арбат әдемі гүлдермен көмкеріліп, жарық шашатын шамдармен безендірілген
      16/05/2018 15:49 0 110
      Отырар ауданында қос бірдей шағын арнаулы әлеуметтік бөлме іске қосылды
      Отырар ауданында қос бірдей шағын арнаулы әлеуметтік бөлме іске қосылды
      Отырар ауданында қос бірдей шағын арнаулы әлеуметтік бөлме іске қосылды
      Отырар ауданындағы Балтакөл, Маяқұм елдімекендерінде шағын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлмелері ашылды
      17/05/2018 18:01 0 69
      Казгидромет 21 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды
      Казгидромет 21 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды
      Казгидромет 21 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды
      Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады, найзағай мен желдің күшейюі күтіледі.
      20/05/2018 18:39 0 3323
      Дональд Трамп кортежі (видео)
      Дональд Трамп кортежі (видео)
      Дональд Трамп кортежі (видео)
      Желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежінің видеосы таралды
      24/05/2018 10:32 0 1028
      Алматының орталық саябағы жаңарады
      Алматының орталық саябағы жаңарады
      Алматының орталық саябағы жаңарады
      Жаңа әрі заманауи аттракциондар жасалады
      22/05/2018 20:02 0 28
      Алматыда сарапшылар fake жаңалықтармен қалай күресуге болатынын талқылады
      Алматыда сарапшылар fake жаңалықтармен қалай күресуге болатынын талқылады
      Алматыда сарапшылар fake жаңалықтармен қалай күресуге болатынын талқылады
      ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы бойынша өкілі Арлем Дезир fake жаңалықтар проблемасының барлық елде барын айтты
      23/05/2018 01:53 0 24
      Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова Алматыда жеке концерт өткізеді
      Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова Алматыда жеке концерт өткізеді
      Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова Алматыда жеке концерт өткізеді
      Украиналық «Голос.Діти» шоуының жеңімпазы, Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова алғашқы концертін ашық аспан астында өткізеді
      18/05/2018 13:10 0 32
      Алматыда KIHE-2018 аясында соңғы үлгідегі техникалар таныстырылды
      Алматыда KIHE-2018 аясында соңғы үлгідегі техникалар таныстырылды
      Алматыда KIHE-2018 аясында соңғы үлгідегі техникалар таныстырылды
      Алматыда өткен Қазақстанның ең ірі медициналық көрмесі - KIHE 2018 аясында 300 ге жуық соңғы үлгідегі техникалар таныстырылды
      16/05/2018 14:26 0 27
      Сириялық БАҚ: Хомстағы аэродромды зымыранмен атқылады
      Сириялық БАҚ: Хомстағы аэродромды зымыранмен атқылады
      Сириялық БАҚ: Хомстағы аэродромды зымыранмен атқылады
      Бұған дейін агенттік Хомс маңындағы Дабаа аэродромында жарылыстар естілгенін хабарлаған.
      25/05/2018 11:02 0 264
      Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
      Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
      Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
      Ауа температурасы, қысқа мерзімді жоғарылағаннан кейін, қайтадан алдымен солтүстікте төмендей бастайды
      26/05/2018 10:03 0 316
      18 жастағы оқушы өз мектебін сатылымға қойған
      18 жастағы оқушы өз мектебін сатылымға қойған
      18 жастағы оқушы өз мектебін сатылымға қойған
      Ол мектеп жанында футбол алаңы бар екенін, сонымен бірге ғимараттан алыс емес жерде супермаркет, авто тұрақытың бар екенін мәлімдемесінде көрсеткен.
      26/05/2018 10:36 2 373