• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:47:18
Алматы
+35°

07 Қараша, 2017 Әлеумет

Ракқа қарсы күрескен қазақ әйелдің оқиғасы: Өмір сүргім келеді...

"Менің өмірімде қайғылы жағдай орын алды. Маған бауыр обыры мен өкпе метастазасының 4-деңгейі диагнозы қойылды"

Қазақстандықтарға Жұлдыз Какенованың оқиғасы қатты әсер етіп, таңқалдырды деп жазады zakon.kz.

Жұлдық Какенова рак ауруына шалдыққан. 2015 жылы ол Фейсбук желісінде «Өмір сүргім келеді» деген парақша ашып,  онда өзінің жазылуышыларымен ауруымен қалай күресіп жатқанын бөлісіп отырған.

«Менің өмірімде қайғылы жағдай орын алды. Маған бауыр обыры мен өкпе метастазасының 4-деңгейі диагнозы қойылды.

Егер басынан бастайтын болсам... Бүгін сүйікті күйеуім екеуміздің  үйленгенімізге 4 жыл болды. Інжу есімді қызымыз бар. Келесі аптада 3-ке толады. Ол екі айлық кезінде инсульт алып, қазір жарты жыл сайын қайта қалпына келтіру орталығына  барып қараламыз, емделеміз. Осылай медтексеруден өтіп жүргенде, 2015 жылы флюорографияға түстім. Сол күні маған емханадан хабарласып, қайта келуімді сұрады. Өкпемде қара дақтардың пайда болғанын айтты. Осыдан кейін бітпейтін томографиялар мен УДЗ, анализдер тапсыру басталды. Астанадағы барлық ауруханаларға барып шықтым. Онкология орталығына да бардым. Алайда, онда менде ешқандай рак жоқ екенін айтты. Олар хирургқа жіберді, ал олар болса, әртүрлі диагноз қойды»-дейді Жұлдыз.

Оның айтуынша, ол Қытайдың Үрімші қаласына баруға шешім қабылдаған. Көптеген тексерулерден кейін, оған өкпе мен бауыр обыры деген диагноз қойған. Ондағы химиотерапия емі қымбат болғандықтан Жұлдыз қайта Қазақстанға келген.

«Астанаға қайтып келіп, Қытайдағы қағаздарды көрсеткенімде, онда маған сенде рак жоқ деп айтты. Алайда, олай болса менің кеудемде, бауырымда не бар деген сұрақ туындады. Алматыға келіп Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығына бардым. Ол жерде маған биопсия жасады. Қытай дәрігерлері қателеспеген екен. Менің диагнозым дұрыс болып шықты..»-дейді Жұлдыз.

«Қымбатты достар! Менің өмір сүргім келеді. Мен сүйікті адамым мен қызымды қалдырып кете алмаймын! Бала сүйгім келеді! Сіздермен бірге болғым келеді!»-деп жазады ол.

Жұлдызға Жапониядан көмек ұсынылды. Алайда ондағы бір ем курсының 15 мың доллар тұруына  байланысты қаржылай көмек қарастырылған болатын. Алайда, нақты қажетті сома сол күйі жиналмаған.

30 қазан күні Жұлды Какенова көз жұмды. Бұл туралы оның парақшасының администраторы хабарлаған.

р

и

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір