• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:18:10
Алматы
+35°

07 Наурыз, 2018 Спорт

Қуат Хамитовтың келесі қарсыласы анықталды

«Менің келесі кездесуім мамыр айына жоспарланған», – деді Қуат.

Қазақстандық жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитовтың кезекті жекпе-жекте қарсыласының кім болатыны анықталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qsport.kz порталына сілтеме беріп.

Қуат Хамитов әлемнің ең үздік тұжырымдарының бірі саналатын ресейлік Fight Nights Global промоушеніндегі кезекті жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатынын сайтымыздың тілшісіне айтып берді. Ол өз сөзінде: «Келесі жекпе-жектегі қарсыласы әзірбайжандық спортшы Нариман Аббасов (17-3-0) болады. Бірақ бірқатар БАҚ өкілдері мені 1 сәуірде өтетін додада сынға түседі деп жазып жүр. Шыныда менің келесі кездесуім мамыр айына жоспарланған», – деді Қуат.

Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов (17-5-1)  соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 80 турнирінде UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір