• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:37:26
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 NEWS

Құқыққорғаушы Ақтөбе әкімдігінің алдындағы суицид туралы пікір білдірді

Құқыққорғаушы Сәлім Өтен Ақтөбе әкімдігі алдында өзіне қол салған Байбек Қарымсақовтың өлімі туралы істің мән-жайын айтып берді

Құқыққорғаушы Сәлім Өтен Ақтөбе әкімдігі алдында өзіне қол салған Байбек Қарымсақовтың өлімі туралы істің мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның дерегін негізге ала отырып.

8 қаңтарда сағат 17.30–да 34 жастағы полиция қызметкері Байбек Қарымсақов Ақтөбе әкімдігі ғимаратын күзету барысында өз-өзіне қол салды. Ер адамның денесі жұмыс күні аяқталған соң табылған.

Құқыққорғаушы Сәлім Өтен Ақтөбеге арнайы барып, адвокат жалдап, қайғылы оқиға болған жерді өзі тексерді. Оның көкейінде оқтың ұшу траекториясына қатысты сұрақтар туындаған. Айта кету керек, оқиға орнында оқ табылмаған болатын. Сәлім Өтеннің айтуынша, полицейді абайсызда атып алған болуы да мүмкін. 

«Қанның ізі жоқ. Денесі үстелде жатты деген болатын. Бірақ үстел жоқ. Еденде де қан ізі болуы тиіс еді. Егер оқ тесіп шықса, қан шашырайды ғой», — дейді Сәлім Өтен.

Бұдан бұрын марқұмның әйелі күйеуінің суицид жасағанына сенбейтінін айтқан болатын. Оның ойынша, күйеуін өзін-өзі өлтіруге біреу жеткізген немесе атып кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір