• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:14:58
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Экономика

ҚР Инвестициялық саясатының даму тенденциялары

Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға негізгі қолайлы он себеп бар

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады.

Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға негізгі қолайлы он себеп бар: табиғи ресурстарға бай болуы, қолайлы орналасуы, саяси тұрақтылығы, қолайлы бизнес-климаты, инвесторлардың құқығын қорғауы, трансұлттық компаниялардың болуы, Қазақстандағы тікелей шетел инвестициялары, экономикалық өсуі, Кедендік Одақтың нарықтары, индустриалды-инновациялы дамуы. Дүниежүзілік инвестициялық нарықта Қазақстанның өзіндік ерекшелігі ішкі саяси тұрақтылығы болып табылады. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының жетістіктерінің негізгі көрсеткіші ҚР 2010 жылы ОБСЕ-де төрағалық етуі. 2010 жылдың желтоқсанында Астана қаласында өткен ОБСЕ Саммиті – посткеңестік кеңістік тарихындағы ірі форум болды. 2011 жылы Қазақстан Орта Азиядағы Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық Форумы өткен бірінші ел болды. Халықаралық аренада Қазақстанның саяси тұрақтылығы мойындалғандығының жарқын дәлелі – 2012 жылдың қарашасында Халықаралық көрме бюросында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астана қаласында өткізу туралы шешім қабылданды, көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы».  Қазақстанда өткізіліп жатқан халықаралық шаралардың көлемі – әлемдік картада елдің саяси тұрақты серіктес ретінде беделінің нығаюын көрсетеді. 2010 жылы Қазақстан Республикасының жылдамдатылған индустриялы-инновациялы дамуы бойынша 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, оның негізгі басымдылығы – инвестицияларды, әсіресе шетел инвестицияларын жаңа және экспортқа бағытталған өндіріске тарту [1].

Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi. Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвести­циялардың нақ­ты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндi­рiс­­тердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақса­руы­нан танылады. Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.

Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп отыр.

Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).

Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.

Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәукелділіктерін компенсациялайды.

Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

Бесіншіден – жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, солар ақылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.

Алтыншы – тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.

Бүгінде, халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан әлемнің шетелдік инвестициялар үшін ең тартымды 20 елдің қатарына кіреді. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту Индексінің рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы 2008 жылы 141 елдің арасынан 23-ші орынды иеленді. Дүниежүзілік «Doing Business» Банкіның рейтингі бойынша Қазақстан 2009 жылдың ішінде жоғары қарай он орынға көтерілді [2].

Инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің серпінін келесі 1-кестеден көре аламыз.

 1-кесте.  Инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің серпіні, млн.теңге

Жылы

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар

2000

595 664

22 435

2001

943 398

27 310

2002

1 099 986

36 158

2003

1 327 864

59 524

2004

1 703 684

130 495

2005

2 420 976

254 287

2006

2 824 523

368 354

2007

3 392 122

490 375

2008

4 210 878

468 039

2009

4 585 298

310 848

Дереккөз: ҚР статистика агенттігі

Алдағы жылдары экономиканың басым секторларына отандық және тiкелей шетелдiк инвестициялардың ағынын ынталандыру, мемлекеттiк инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн ұтымды ету және арттыру саясаты мен iшкi жинақ ақшаны жұмылдыру жалғасатын болады.

Елдiң инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық климатын жақсарту үшiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жалғасатын  болады.

Басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберiнде мемлекет iске асыратын одан арғы шаралар мыналар:

-  миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге;

-  кәсiпорындарды тiркеудiң жеңiлдетiлген жүйесiн енгiзуге;

-  қызмет түрлерiн лицензиялаудың транспаренттiк жүйесiн құруға;

-  қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жылдамдатуға ;

-  ұлттық инновациялық жүйенiң экономикалық дамуын басқарудың жаңа жүйесiн дамыту жөнiнде жұмыстың жалғасуына;

-  мемлекеттiк даму институттарының жұмысын үйлестiрудi күшейту жөнiндегi iс-әрекеттi, олардың қызметiнiң ашықтығын арттыруды жандандыруға;

-  инвестицияларға жәрдемдесу және шетелдегi инвестициялық сауда өкiлеттiктерiнiң желiсiмен бiрге экспорттың жылжуы жөнiндегi мамандандырылған құрылымын құру;

-  отандық бизнестiң, әсiресе экспорттаушылардың мүддесiн ескере отырып, iрi халықаралық жобаларды синдицирленген қаржыландыруда қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету бөлiгiнде халықаралық қаржы институттарымен бiрге жұмысты жандандыру;

Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң тұсау кесерi және шетелдiк, оның iшiнде трансұлттық компанияларды iздеу жөнiнде жұмыстарды жалғастыруға бағытталады[3].

Инвестициялық саясат маңызды төрт бағытта жүргізіледі:

  • республикалық бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
  • жергілікті бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
  • заңды тұлғалардың меншікті қаражаттарын қолдану арқылы;
  • шетелдік инвестицияларды тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;
  • қарыз қаражаттары арқылы.
  • 1-кесте. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың қаржыландыру көздері (млн. теңге)

 

2005

2006

2007

2008

2009

Барлығы

2 420 976

2 824 523

3 392 122

4 210 878

4 585 298

Республикалық бюджет

231 687

308 537

433 405

604 711

712 441

Жергілікті бюджет

51 643

61 670

102 984

183 590

154 892

Меншікті қаражат

1 357 856

1 600 898

1 656 142

1 706 104

1 491 433

Шетел инвестициялары

578 377

569 407

622 512

1 064 839

1 697 493

Қарыз қаражаты

201 413

284 011

577 079

651 634

529 039

Дереккөз: ҚР статистика агенттігі

Шетелдік инвестицияларды пайдалану,  қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.

Қорыта келгенде, дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, Қазақстан бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі.

Акылова Ж.Р.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты,

Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., доцент Ильяс А.А.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір