• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:24:15
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 NEWS

ҚР парламенті БАҚ туралы заңға енгізілген өзгертулерді бекітті

Кейбір сарапшылар бұл құжат сөз бостандығын шектеп, журналист қызметіне кедергі келтіреді деп есептейді.

Парламент мәжілісінің депутаттары сәрсенбіде Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылап, екінші оқылымда мақұлдады,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеп жазады.

Кейбір сарапшылар бұл құжат сөз бостандығын шектеп, журналист қызметіне кедергі келтіреді деп есептейді.

Құжатты таныстырған ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев жобада мемлекеттік органдардың журналистер сауалына жауап беру мерзімі бұған дейін ұсынылған 15 күннен 7 күнге азайтылғанын айтты. Алғашқы оқылымда депутаттар 15 күннен кейін алынған ақпараттың маңыздылығы жойылып, ескіріп кететінін айтып, қарсылық білдірген болатын. Абаев депутаттардың бұл ұсынысын жұмысшы тобында талқылауға дайын екенін айтқан еді.

Абаевтың сөзінше, жобада мемлекеттік органдардың "қоғам өміріне аса маңызды оқиға немесе төтенше жағдайлар" кезінде үш сағат ішінде ресми ақпарат таратуын міндеттейтін талап қойылған.

Министр бұл жолғы жобада телеарналарда діни тақырыптағы және балаларға арналған бағдарламалар арасында жарнама беруге тыйым салу жайы да қарастырылғанын айтты. Бұған қоса, журналистерге азаматтардың жеке басына қатысты, атап айтқанда қаржылық жағдайы, есепшоты, бала асырап алуы сияқты ақпараттарды олардың рұқсатымен жарялауын міндеттеу қарастырылған.

Министр Абаев БАҚ туралы заң жобасын парламентте алғаш таныстырған кезде жеке азаматтар немесе заңды тұлғалар мен БАҚ арасындағы дауды тараптар сотқа жеткізбей реттеуіне де, медиатор арқылы шешуіне де болатынын және БАҚ саласындағы кез-келген қоғамдық ұйымның медиатор қызметін атқара алатынын айтқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір