• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:08:10
Алматы
+35°

14 Қазан, 2017 NEWS

ҚР азаматы қазақ-қырғыз шекарасында қайтыс болды

Қазақстан Республикасының азаматшасы қазақ-қырғыз шекарасында қайтыс болды.

Қазақстан Республикасының азаматшасы қазақ-қырғыз шекарасында қайтыс болды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі today.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

70 жастағы қазақстандық әйел қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақ Тілек» бақылау-өткізу пунктінде қаза тапты. Деректер бойынша, оның гипертониялық кризі болған.

«1947 жылы дүниеге келген Қазақстан азаматшасы Альбина Шағимова  Қырғызстан-Қазақстан шекарасындағы бақылау бекетінде қайтыс болды. Ол Қазақстаннан Қырғызстан шекарасын кесіп өткен соң өзін жайсыз сезінген. Шекара қызметі медициналық алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін жедел жәрдем шақырылды»,- деп мәлімдеді құзыретті орган өкілдері.

Қайғылы оқиға 13 қазанда түскі уақытта Қазақстан шекарасынан өтіп кеткен соң орын алды.

«Жолда кезіккен жедел жәрдем бригадасы әйелдің қайтыс болғанын айтады. Алдын-ала мәлімет бойынша, оның гипертониялық кризі болды. Ұлы анасының денесін Қазақстанға алып кетті», - делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Құзыретті органның айтуынша, қайғылы оқиға кезінде шекарада ешқандай тежеу болмаған. Қазақстаннан Қырғызстанға өту бағытында кептеліс жоқ, адамдар қалыпты қозғалып жатқаны хабарламада баяндалған.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазанда әлеуметтік желідегі пайдаланушылар Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында туындаған ұзақ кезекке шағымданған болатын. Бұл кептеліс Қордай бақылау-өткізу пунктінде орын алды. Осыған байланысты Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаков шекарадан өтушілерге ыңғайлы жағдай жасауды тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір