• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:04:19
+35°

07 Наурыз, 2018 NEWS

Қостанайда ұрлық жасаған күдікті полицияға өзі келді (видео)

Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

27 ақпанда үш ер адам Қостанайдың орталығында орналасқан «Тополёк» дүкенін тонап кеткен. Ұрылардың дүкен қызметкерлеріне шабуыл жасағаны мен кассадағы ақшаны алған сәті видеоға түсіп қалған.

Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. Бірінің жасы 23-те болса, екінші күдіктінің жасы 24-те. Ұрлық жасаған үшінші күдікті іздестіріліп жатқан.

3 наурызда ол өз кінәсін мойындап ІІД-ге келді. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның жасы 23-те. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір