• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:07:47
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Әлеумет

ҚМДБ наиб мүфтиі Өскеменде діни бірлестік жетекшілерінің шарасына қатысты

Ұлтаралық татулықтың іргесін бекте түсу үшін діндер арасындағы тұрақтылық аса маңызды

ҚМДБ наиб мүфтиі Өскеменде діни бірлестік жетекшілеріне арналған шараға қатысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өңірдегі діни бірлестік жетекшілеріне арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Шараға діни бірлестіктер жетекшілері мен өңірге арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ наиб мүфтиі Бауыржан Әбдірашұлы қатысты.

 «Елбасымыздың дана саясатымен әлемдегі әртүрлі діндер бір шаңырақтың астында бас қосып, бейбітшілікті нығайтуды үндеуі зор жетістік екендігі даусыз. Ұлтаралық татулықтың іргесін бекте түсу үшін діндер арасындағы тұрақтылық аса маңызды»,- деп ҚМДБ наиб мүфтиі Бауыржан Әбдірашұлы атап өтті.

Айта кететін болсақ, өткізіліп отырған шараның негізгі мақсаты- рухани бірігу, әр түрлі конфессиялар арасында өзара келісім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы жұмысымен  және Өскемен қаласының мәдени-архетиктуралық ғимаратымен танысу.

Іс-шара барысында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы меймандарға мешіт ғимаратымен таныстыра отырып, алда уақытта жамағаттармен  жасалатын жұмыстар туралы әңгімеледі.

 «Бүгін мешіт жұмысымен танысып, игі істерге куә болдық. Мешіттің іші өте кең, жамағаттарға құлшылық етуге өте ыңғайлы. Сонымен қатар, бүгін осы іс-шара аясында барлық конфессиялардың жиналуы рухани келісімді нығайтуда және өзара тәжірибемен алмасу үшін пайдалы болмақ»,-дейді ШҚО евангелдік-лютерандық шіркеу пасторы Виктор Швабауер.

Жиын соңында ҚМДБ наиб мүфтиі мен Өскемен өңірі бойынша өкіл имам діни бірлестік жетекшілерімен бір дастархан басына отырып, емен-еркін сұхбаттасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір