«Қызтекелердің сықпытын жасаған Ninety one-ға қарсы жоба жасадық»

«Қызтекелердің сықпытын жасаған Ninety one-ға қарсы жоба жасадық»
Ⓒqamshy.kz

Танымал сазгер Жарылқасын Дәулет көрермен назарына өз интеллектуалдық жобасын ұсынды. Жобаның басты мақсаты – ән арқылы тыңдарманды ұлттық құндылықтарға баулу, игі істерге шақыру және қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрін жаңғырту.

Таныс болыңыздар. Әнші Аман Әбен 1995 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Аман Әбен

2012 жылы баян сыныбын бітірді.

2013-2017 жылдары Қазақ Ұлттық өнер университетінің колледжінде эстрада мамандығы бойынша білім алды.

Гитара мен фортепианода ойнайды.

Аманның продюсері Жарылқасын Дәулет жаңа жобасы туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігіне толығырақ айтып берді.

Әнші

- Ән, терме – қазақтың қанына сіңген тәрбие құралы. Қазақ балаларын термемен, жырмен тәрбиелеген. Ақтамберді, Махамбет, Шалкиіз, Дулат жыраулар – соған дәлел. Абылай ханның Бұқарға оң тізесінен орын беруі тегін емес. Сондықтан Аман Әбен өз әндері арқылы ұлттық құндылықты дәріптейді. Ал ұлттық құндылық ұяттан бастау алады. Уақыт өте келе адамдардың құндылығы өзгере бастады. Кіндік ашып, жалаңаштанып, салмағы жоқ ән айтуға арланбайтын болдық. Осындайдан сәл де болса қоғамды арашалайық деген мақсатпен осы жобаны қолға алып отырмын.

Қазір жеңіл, қызықты әуендерді сүйсініп тыңдаймыз да, маржаны төгіліп тұрса да, ауырлау әндерді қабылдай алмаймыз. Жаңа жобадағы ән мәтіндері жастардың есінде қалатындай болуы мүмкін. Сол арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттағалы отырамыз.

Қазір жаңа ән жаздырдық. Онда «ет жеп кет» деген сөз жиі қолданылады.

«Дастарханым кең-кең,

Төріме шық сен-сен.

Төріме шық, төрлет,

Ет жеп кет», - деген сөздері бар.

Қарап отырсың, сөзі біртүрлі, бірақ оның астарынан қонақжайлықты байқауға болады. Біз жеңіл әнге баруымыз мүмкін, бірақ жеңіл сөзге бармаймыз.

Кез келген қазақтың үйіне барсаңыз ет жеп қайтасыз. Қазақ үшін етке шақыру саяси арена іспеттес. Қазақтар біреуге өкпелесе де, етке шақырып, дастарханға тісін қақпай малдың басын қойған. Қазақ дұшпанына дейін ет беріп отыр. Сондықтан осы ән арқылы «қазақ сондай керемет болатын, сен де сондай бол» дегенді жеткізгіміз келді.

- Аман Әбен қандай жанрда ән айтады?

- Эстрада жанрында. Себебі оның дауысы эстрадаға жақсы келеді. Эстрада – халыққа ең жақын жанр. Тыңдарман Рамазан Стамғазиевті танымауы мүмкін, бірақ эстрадада жүрген әншіні біледі.

Қазір әншілер біздің үгіт-насихат құралымызға айналды. Көп жастар әншілерге еліктейді. Соларға ұқсағысы келеді. Сондықтан халықтың алдында жүріп, өнеріңді паш етудің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.

Мәселен, мен Ninety one-ды неге жеккөрдім? Қызтекелердің сықпытын жасап шығарды ғой. Бұл – сондайларға қарама-қарсы дайындалып жатқан жоба.

Біздің негізгі принципіміз – барған жерде «сенің атаң қазақ болған, атаң қазақ өтірік айтпаған, атаң қазақ сөз көтерген, атаң қазақ намысшыл болған, ат төбеліндей қазақ кең-байтақ жерді ұстаған» дегенді айтып жүру. 

Әніміз жастарды қабылдауына лайықталып жасалуы мүмкін. Қазақтың қаракөз қыздары өзге ұлт өкілдерінің етегінен ұстап кетіп жатыр. Осы мәселеге қатысты да ән жаздырдық. Оның сөзін айтыскер ақын Біржан Байтуов жазды. Жақында көрермен назарына ұсынылады. Онда «Неге өзгеге тұрмысқа шығасың?!», - деген сөз жоқ. «Қарындасым, сен өз айдыныңнан ұшып қайда барасың?», - деген сарында жазылған ән. Оның қайырмасында қызды шағалаға теңеп, «өз айдынынан ұшып кетіп, шалшық суға шомылған шағалам-ай», - деп астарлы жеткізеді. «Кетпеші қарындасым», - деген үн жатыр онда.

Аман Әбен коммерциялық жоба емес. Оған зор үміт артылып, биік мақсат қойылады. Сондықтан оған оңай соқпауы мүмкін.

Ән арқылы көптеген әлеуметтік мәселені көтермекпіз. Төрт әнге дауыс жаздырып қойдық. Екі әнге клип түсіру жоспарда бар. Әндері жұртқа өтпей қалуы мүмкін.

Әңгімеңізге рақмет!

Аман Әбеннің әндерін ankui.kz сайтынан тыңдай аласыздар!

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 2 апта бұрын

    Қайта сол найнти уанның деңгейіне жетіп алсын бірінші (сапалы клип, өлең) сосын көрерміз. Жастар той өлеңдерінен әлдеқайда шаршаған. Боянып алғандардың бәрін қызтеке санатына жатқызу бұл надандық, Q-pop бұл стиль, найти уан мақсаты тек Қазақстанда танымал болу емес, шетелге қазақтан заманауи әншілер бар екенін дәлелдеу.
    P.s мен найнти уан жанкүйері фанаты емеспін, мақсатым шындықты айту!

    • 2 апта бұрын

      Танығанда әкесінің басы болама?.

    • 2 апта бұрын

      @Қоспау Казахстанды коп елдер сирия,авганистан секылды мемлекет деп ойлап журген былесынбе?Сондыктанда казакстанга коп туристическая келмейды себебы коркады

    • 2 апта бұрын

      шайнама мисыз хайуан

    • 2 апта бұрын

      шайна хайуан

  • 2 апта бұрын

    Очередной певец который хочет прославиться ,и ищет такой хот бунта против ninеty one дабы привлечь к себе внимание людей, типа пиар.

    • 2 апта бұрын

      Найнти уан кызтеке емес

      • 2 апта бұрын

        Найнти уан тобы және Қалаулым бағдарламасы деген сияқтылардың бізге түкке қажеті жоқ. Ата жалғасып келе жатырған ұлттық құндылығымыздан, намысымыздан, дәстүр-салттарымыздан айыратын, келешек еліміздің жастарын бабалар жолынан шатастыратын дүниелер ғой. Қазіргі уақытта ұлттық салтымызды тереңінен бір жас жеткіншектен сұрай қалсаңыз, күмілжіп жауап бере алмай қалуы мүмкін. Ал, осы бір қажеті жоқ топ шырқап жүрген әннің сөзін жатқа білері анық.

    1
    Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде «Қазақстан географиясы» оқытылмайды
    22/02 14:15 0 76
    2
    Трамп мұғалімдерге қару таратып беруді ұсынды
    22/02 13:45 1 71
    3
    Пан-түркизм және латын әліпбиі мәселесі туралы бірер сөз
    22/02 13:15 15 108
    Назарбаевтың орынбасарсыз келе жатқанына 22 жыл толды
    22/02 12:58 0 222
    Черногория астанасында белгісіз біреу АҚШ елшілігіне граната лақтырды
    22/02 12:50 0 55

    Таныстырылғандар

    Дастан Оразбеков: Айқын екі жаққа да үлгеріп жүр (видео)
    Дастан Оразбеков: Айқын екі жаққа да үлгеріп жүр (видео)
    Дастан Оразбеков: Айқын екі жаққа да үлгеріп жүр (видео)
    Дастан Оразбеков журналист Зарина Мүсілімнің «Сөккен әңгіме» бағдарламасында Айқынның ел білмейтін құпиясын ашып қойды
    12/02/2018 12:13 0 2277
    Кореяға барған қазақстандықтар әуежай жертөлесінде қамалып қалды
    Кореяға барған қазақстандықтар әуежай жертөлесінде қамалып қалды
    Кореяға барған қазақстандықтар әуежай жертөлесінде қамалып қалды
    Көптеген қазақстандық бүгін елге қайтып ұшып кеткен
    12/02/2018 15:24 0 857
    Парацетамолдың денсаулыққа зиян екені анықталды
    Парацетамолдың денсаулыққа зиян екені анықталды
    Парацетамолдың денсаулыққа зиян екені анықталды
    Мамандар парацетамол дәрісін жиі пайдаланған  емделушілердің ағзасынан бедеулікті байқаған.
    13/02/2018 09:23 0 3192
    Алматыда №137 бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шықты
    Алматыда №137 бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шықты
    Алматыда №137 бағыт бойынша жаңа автобустар жолға шықты
    Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылды
    14/02/2018 17:17 0 426
    Димаш: 2018 жылы менің тарапымнан көп жаңалық болады
    Димаш: 2018 жылы менің тарапымнан көп жаңалық болады
    Димаш: 2018 жылы менің тарапымнан көп жаңалық болады
    Қазақ әншісі Димаш Құдайберген қытайлық телеарнаға сұхбат беріп, алдағы жоспарлары туралы жария етті
    16/02/2018 10:39 1 413
    «Томирис» тарихи фильмінде басты рөлді сомдайтын актриса белгілі болды
    «Томирис» тарихи фильмінде басты рөлді сомдайтын актриса белгілі болды
    «Томирис» тарихи фильмінде басты рөлді сомдайтын актриса белгілі болды
    Бұл туралы түсіріліп жатқан туындының режиссері Ақан Сатаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды
    17/02/2018 11:13 0 806
    Дулат Исабеков: Біз мойнымызды бодандықтың тұзағына өзіміз сұғамыз (видео)
    Дулат Исабеков: Біз мойнымызды бодандықтың тұзағына өзіміз сұғамыз (видео)
    Дулат Исабеков: Біз мойнымызды бодандықтың тұзағына өзіміз сұғамыз (видео)
    Алаш партиясының 100 жылдығын да, Алаш Үкіметінің 100 жылдығын да атап өткізуге қарсы болып отырған жоғары жақта бір тосқауыл бар
    19/02/2018 11:11 0 413
    «Келін» фильміне түскен актриса Президент қызының рөлін сомдамақ
    «Келін» фильміне түскен актриса Президент қызының рөлін сомдамақ
    «Келін» фильміне түскен актриса Президент қызының рөлін сомдамақ
    Жуырда ғана «Путь Лидера» атты режиссер Ақан Сатаевтың  көркем фильмі түсірілді.
    18/02/2018 18:02 0 1168
    Үндістандағы тойда жиырма шақты адам көз жұмды
    Үндістандағы тойда жиырма шақты адам көз жұмды
    Үндістандағы тойда жиырма шақты адам көз жұмды
    Оқиға салдарынан тағы 18 адам жараланған, оның ішінде алтауы ауруханадан шығарылған
    18/02/2018 18:15 0 651
    Британдық BAFTA киноакадемиясы "ең үздік" фильмді атады
    Британдық BAFTA киноакадемиясы "ең үздік" фильмді атады
    Британдық BAFTA киноакадемиясы "ең үздік" фильмді атады
    Криминалды-драма жанрында түсірілген фильм тоғыз номинацияның бесеуін жеңіп алды.
    19/02/2018 09:59 0 309
    Бірнеше мектепте қылмыс жасамақ болған жасөспірім қолға түсті
    Бірнеше мектепте қылмыс жасамақ болған жасөспірім қолға түсті
    Бірнеше мектепте қылмыс жасамақ болған жасөспірім қолға түсті
    Балаға үшінші дәрежелі қылмыстық іс қозғалады
    19/02/2018 12:07 0 273
    Қазақ тілі оқу құралында МС Сайлаубек қайдан жүр? (фото, видео)
    Қазақ тілі оқу құралында МС Сайлаубек қайдан жүр? (фото, видео)
    Қазақ тілі оқу құралында МС Сайлаубек қайдан жүр? (фото, видео)
    Авторлары Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай деп көрсетілген оқу құралында МС Сайлаубектің өмірбаяны туралы деректер бар.
    19/02/2018 17:55 40 22409
    Актер Жерар Депардьеге төрт елдің азаматтығы не үшін керек?
    Актер Жерар Депардьеге төрт елдің азаматтығы не үшін керек?
    Актер Жерар Депардьеге төрт елдің азаматтығы не үшін керек?
    Депардье қазір Франция, Ресей, Бельгияның азаматы
    20/02/2018 18:33 0 181
    Жаңа бейнебаян: «Кеш You» қыздары «Ninety one» тобына еліктеген бе? (видео)
    Жаңа бейнебаян: «Кеш You» қыздары «Ninety one» тобына еліктеген бе? (видео)
    Жаңа бейнебаян: «Кеш You» қыздары «Ninety one» тобына еліктеген бе? (видео)
    Басты рөлді Баян Алагөзова сомдайтын «Сиситай» фильмінің саундтрегі әлеуметтік желіге жарияланды.
    20/02/2018 19:43 2 1041
    Асқар Жұмаділдаев: Қазақ болғаныма мақтанған емеспін...
    Асқар Жұмаділдаев: Қазақ болғаныма мақтанған емеспін...
    Асқар Жұмаділдаев: Қазақ болғаныма мақтанған емеспін...
    Қазақ жаман демеймін. Мен тек қана шындықты айтам. Абай сияқты. Осы айтылған сөздерімнің барлығын Абайдың кітабынан табасыз.
    20/02/2018 22:24 1 2757