• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:50:47
+35°

03 Шілде, 2018 NEWS

Қызылордада Нұрпрезидент есімді бала бар (фото)

Туу туралы куәліктің суреті әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Қызылордада туған балаға Нұрпрезидент деген есім қойылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз айында облыстық перзентханада Нұрпрезидент атты бала дүниеге келген. Туу туралы куәліктің суреті әлеуметтік желілерде таралып жатыр.

Нұрпрезидент

Tengrinews.kz сайтының дерегінше, бұл мәліметті Қызылорданың азаматтық жағдай актілері тіркеу бөлімінің өкілдері растаған.

"Иә, расында да Нұрпрезидент есімді бала дүниеге келді. Отбасындағы екінші бала. Ата-анасы Қызылорда облысында тұрады. Ата-анасы 26 жаста", - деді Қызылорданың азаматтық жағдай актілері тіркеу бөліміндегілер.

Сонымен қатар ведомство өкілдері мұндай сирек есімнің алғаш рет тіркелгенін айтып өтті.

Баланың әкесі Қанат деген қазақ екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір