• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:52:15
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 NEWS

Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге қайтарылды

ҚР Сыртқы істер министрі Әнуар Жайнақов Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандықтың  елге қайтарылғандығы туралы мәлімдеді.

ҚР Сыртқы істер министрі Әнуар Жайнақов Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандықтың  елге қайтарылғандығы туралы мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Бүгін есірткі тасымалы үшін өлім жазасына кесілген қазақстандық Үрімші қаласынан Қазақстанға жеткізілді. Бұл әрекетті Қазақстанның Қытайдағы елшілігі ұйымдастырған», деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, Ақмола облысының 1989 жылғы тумасы 2009 жылы Гуанчжоудың Гуандун провинциясында ұсталып, басында 2 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 2011 жылы бұл жаза өмір бойына бас бостандығынан айырылу туралы жазамен алмастырылған.

Ә. Жайнақовқа сүйенсек, 2015 жылдан бастап қазақстандық дипломаттардың Қытай тарапымен мәмілеге келуі барысында елге, онда сотталған 15 азамат қайтарылған.

Дипломаттар тек Қытайда емес, басқа  мемлекеттерде бас бостандығынан айырылған қазақстандықтарды елге қайтаруға күш жұмсайтын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір