• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:23:41
Алматы
+35°

11 Маусым, 2018 Оқиғалар

Қытай Қырғызстанға төрт сотталушыны береді

Қытайда есірткі контрабандасы ең ауыр қылмыстың бірі болып саналады.

2018 жылы Қытай Қырғызстанға елінде сотталған төрт қырғыз азаматын береді. Бұл жөнінде ҚР сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев хабарлады.

Оның сөзінше, бүгінгі күндері Қытай түрмелерінде Қырғызстанның 17 азаматы жазасын өтеп жатыр. Олардың көбі есірткі саудасына байланысты ұсталған. 2017 жылы Қытай түрмесінен екі қырғызстандық оралған.

Қытайда есірткі контрабандасы ең ауыр қылмыстың бірі болып саналады. 2016 жылы көрші елден Қырғызстанға екі сотталушыны экстрадициялаған. Сол жылы Үрімшіде қырғызстандық Светлана Кулбаеваны 2010 жылы 7 келі есірткі алып өтті деген айыппен өлім жазасына кескен. Әртүрлі мәліметке қарағанда, есірткі оның тауарына әдейі лақтырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір