Қытай қазағы: Қазақстанда жақсы мен жаманның орны ауысып барады

Қытай қазағы: Қазақстанда жақсы мен жаманның орны ауысып барады
Ⓒqamshy.kz

Ән-күй музыка сайты

Qamshy.kz журналисі Қытайдан келген қазақ жігітімен Қазақстандағы жағдайға көзқарасы жайында әңгімелесті.

Назар Гіміш – Бейжіңдегі Орталық Ұлттар университетінен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне бір жылға білім алмасу үшін келген студент.

– Қазақстанға былтыр қыркүйекте келдік. Әне-міне дегенше алты айдан астам уақыт өтті. Алматыда болдым, арасында Астана, Семей, Өскемен қалаларын араладым. Қазақстанға келудегі  басты мақсатым – оқу. Сонымен қатар ел көріп, жер көріп, атажұртымның мәдениетімен жақын танысуды ойладым, – дейді Назар.

Ол Қазақстанға алғаш келгенде көп дүниеге көңілі толмаған. Барлығына сыни көзбен қарап жүрген. 

– Бес-алты айдың ішінде мен байқаған кемшілік аз емес. Тайға таңба басқандай анық көрінетін тұстары да көп болды. Әсіресе, Қазақстанға алғаш келгенде бізді орналастыру жұмыстарымен ағайымыз біраз әуре-сарсаңға түсті. Құжат қабылдайтын, мөр басатын орындарда «шеттен келген» деп бізге онша мән бермейтіндер де кездесті. Ол кісілерге қарап, «амалсыздан жұмыс істеп отыр ма?» деген ой туады, – дейді Гіміш.

«Сырт көз – сыншы» екенін ескерсек, қандасымыздың пікірі де орынды. «Сен де бір қазақтың баласысың ғой» деп ешкім құшақ жайып күтіп алмаса да, ол бүгінде өз ортасын кеңейтіп, достарын көбейткен.

– Меніңше, Қазақстанда теңсіздік мәселесі өзекті болып тұр. Көп жағдайда мәселені ақша шешіп кетеді. Қолыңнан келмесе де, ақшаң болса жеткілікті. Озбырлардың аты озып, жақсы мен жаманның орны ауысып бара жатқан сияқты. Бұл барлық елде болуы мүмкін, дей тұрғанмен Қазақстанға келгелі аталмыш мәселе алдымнан бірнеше рет шықты. Ал еліміздегі озық мәдениет қоғамдық орындарда жиі көрінеді екен. Үлкенге орын беру, қыз балаға жол беру – барлығы қазақы мәдениеттің көрінісі, - деп бағалады Назар.

«Қытай қазағы» деген атауың кең қолданыста екені белгілі. Шеттегі кей қандасымыздың жолы болып елге оралып, Қазақстан азаматтығын алып жатса, енді бірі әлі де атажұрттан тыс өмір сүріп жатыр. Дегенмен жүрегі «қазақ» деп соғатын азаматтардың қарасы қалың.

– Мұндағылар Қытайдан келгенімізді бірден біліп жатады. Оның басты себебі  – тілдегі ерекшелік. Сырт келбет барлығымызда бірдей. Мен қазақ тілінде диалект жоқ деп қараймын. Ресейдің Сібіріндегі қазақ пен Қытайдың қазағын бір-бірімен жолықтырсақ, өзіндік тіл ерекшеліктері байқалады, алайда бір-бірін түсініп, әңгіме өрбіте алары хақ.

Көпшілігі «қазақтың қаймағы бұзылмаған төл сөздерін сақтап қалғансыңдар», «таза қазақша сөйлейсіңдер» деп таңырқайды. Қытайда жүргенде әңгіме арасында қытай тілін қолданатынымыз жасырын емес. Ал Қазақстанға келгелі еш қоспасыз қазақша сөйлеп жүрмін. Мүмкін менің ерекшелігім осында, - деп ағынан жарылды Назар.

Назар шетелде туып-өссе де, қазақы мәдениетпен тығыз байланыста екенін айтады. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларымен де етене таныс.

– «Әу» демейтін қазақ жоқ. Көпшілік орында Абайдың «Көзімнің қарасынан» бастап, басқа да елге мәлім әндерді орындап жүреміз. «Шетте жүріп бұл әндерді қайдан білесіңдер?» деп таңдана қарайтындар да кездесті. Біз қазақтың әні-күйін, ертегілері мен жыр-дастандарын жадымызға тоқығанбыз. Қазақылықтан шет қалып қойған жоқпыз, - дейді Назар Гіміш.

Елімізде білім гранттарына қатысты мәселеден Назар да хабардар болып шықты. Оның ойынша, елдегі оқу ақысы қымбат.

– Қазақстанда қаншама жастың оқуға түсе алмай жүргенін байқадым. Барлығы қаржыға келіп тіреледі. Грант ұтып ала алмаған соң өзі қалаған мамандыққа түсе алмайды немесе қаржы төлеп оқуға жағдайы болмайды. ЖОО-ларда оқу бағасы жоғары. Ол мемлекеттің экономикасына да келіп тірелуі мүмкін. Мен ұсыныс жасағанымен, бұл шешіле салатын нәрсе емес, дегенмен  оқимын деген жастарға қол ұшын беріп, солардың арманын жолдан кесіп тастамауға жағдай жасалса екен. Ал Қытайда студенттерді мемлекет өз қамқорлығына алады, – дейді Назар.

Ол шетелде жүріп-ақ ұлт мүддесі үшін жұмыс істеуге болады деп санайды. Себебі қазір заман өзгерген, қатынас оңайлаған, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын құралдар бар.

– Жолымызда кездескен  екі адамның бірі: «Елге ораласың ба?», - деп сұрайды. Біреуіне: «Иә, келемін», - деп жауап берсем, енді бірде: «Жоқ», - деймін. «Келемін» десем, қолдаушылар табыла кетеді. Елге біржола тұрақтап, ата-бабаның жолын жалғағаның дұрыс деп айтады. Енді біреулер: «Не үшін келесің? Бұл елді жан-жақтан жеп жатыр», - деп нақты мысалдарын төге кетеді. Өзім қай жерде болсын қазақ үшін қызмет еткім келеді. Оған менің қайда тұрғаным және құжатымда қай елдің мөрі басылғаны маңызды емес, - деп түйіндеді сөзін Назар Гіміш.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    ОҢБАҒАН ҚЫТАЙДА МӘЗ БОЛЫП ЖҮРМІН ОЙЛАЙСЫҢБА,ҚАЗАҚСТАН БЕЙБІТ ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН ЕЛ,ЖАҚПАЙМА ҚЫТАЙҒА ЖОҒАЛ.

    • 3 ай бұрын

      Біреуге оңбаған деп айту үшін өзің оңған болуың керек. ол жігіт қазақстанның шындығын көргенін айтты, ол өтірік емес өңшең жем қор туфлый жалағыштар. ол айтса болып жатқан заңсыздық әділетсіздікті айтты. біз өзімізше Қазақстан керемет деп мақтанғанды білеміз, Ал оның кем кетігін айта алмаймыз. ЖОҒАЛ деп айтатын сен кімсің?

      • 3 ай бұрын

        неге алып тастағансыңдар

        1
        Халық банк банкоматтағы қытай тіліне қатысты сауалдарға жауап берді
        22/06 18:59 0 200
        2
        Көкжайлау шатқалының 100 га жері мемлекетке қайтарылады
        22/06 18:00 0 155
        3
        СІМ Иранда жүрген Қанат Бейсекеевтің жағдайына қатысты пікір білдірді
        22/06 17:54 0 143
        Журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ — Ерлан Сағадиев
        22/06 17:53 0 276
        Сенат төрағасы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатына байланысты сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед пікір білдірді
        22/06 17:46 6 1064

        Таныстырылғандар

        ОҚО-ның мемлекеттік қызметшілері республикалық турнирде екінші орын иеленді
        ОҚО-ның мемлекеттік қызметшілері республикалық турнирде екінші орын иеленді
        ОҚО-ның мемлекеттік қызметшілері республикалық турнирде екінші орын иеленді
        Павлодар қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық волейболдан өткен турнир мәресіне жетті
        08/06/2018 17:14 0 431
        Вьетнамдықтар қытайлықтарға жерлерін 99 жылға жалға беруге қарсы шықты
        Вьетнамдықтар қытайлықтарға жерлерін 99 жылға жалға беруге қарсы шықты
        Вьетнамдықтар қытайлықтарға жерлерін 99 жылға жалға беруге қарсы шықты
        Қарапайым вьетнамдықтар қытайлықтарды жақтырмайды, ашықтан-ашық келемеждейді, сонымен қатар 4000 жылдық мәдениет пен құндылықтардан айырылып қалудың қорқады
        12/06/2018 10:22 1 689
        Атырау облысы Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды
        Атырау облысы Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды
        Атырау облысы Махамбет ауданына жаңа әкім тағайындалды
        Депутаттар Ахметовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
        12/06/2018 18:07 0 401
        Өзбекстан билігі президентке мадақтау одаларын арнауға тыйым салды
        Өзбекстан билігі президентке мадақтау одаларын арнауға тыйым салды
        Өзбекстан билігі президентке мадақтау одаларын арнауға тыйым салды
        «Өзбекконцерт» директоры Азамат Хайдаров айтуынша, мемлекет басшыларына клип түсіру немесе өлең арнау этикаға жатпайды.
        13/06/2018 10:33 0 2734
        Қазақстанда eGov.kz арқылы бизнес ашу жеңіл, қолжетімді әрі жылдам болды
        Қазақстанда eGov.kz арқылы бизнес ашу жеңіл, қолжетімді әрі жылдам болды
        Қазақстанда eGov.kz арқылы бизнес ашу жеңіл, қолжетімді әрі жылдам болды
        Кәсіпорынды тіркеген кезде бірден банк шотын аша аласыз.
        13/06/2018 13:57 0 316
        Қазыбек Дәуітәлі. "Тілсіз - ұлт болмайды" емес, "Ұлтсыз - тіл болмайды"
        Қазыбек Дәуітәлі. "Тілсіз - ұлт болмайды" емес, "Ұлтсыз - тіл болмайды"
        Қазыбек Дәуітәлі. "Тілсіз - ұлт болмайды" емес, "Ұлтсыз - тіл болмайды"
        Тілді тірілтуші, оған жан беруші һәм сұраныс тудыртушы - ұлттың өзі.
        13/06/2018 17:22 0 383
        Ресей Думасы: ӘЧ кезінде қыздар шетелдіктермен жыныстық қатынасқа түспесін
        Ресей Думасы: ӘЧ кезінде қыздар шетелдіктермен жыныстық қатынасқа түспесін
        Ресей Думасы: ӘЧ кезінде қыздар шетелдіктермен жыныстық қатынасқа түспесін
        Бұл жалғызбасты әйелдердің санын көбейтеді деп мәлімдеп отыр.
        13/06/2018 18:04 1 1150
        Алматыдағы Саяхат автовобекеті өртке оранды (видео)
        Алматыдағы Саяхат автовобекеті өртке оранды (видео)
        Алматыдағы Саяхат автовобекеті өртке оранды (видео)
        Куәгерлердің айтуы бойынша, өрт алдында жарылыс даусы естілген. Кейінірек жарылыстың азық-түлік сататын дүңгіршектердің жанында болғаны анықталды.
        15/06/2018 00:04 0 4614
        Елбасыға Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді
        Елбасыға Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді
        Елбасыға Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді
        Қазақстан Президенті Татарстан Республикасымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде айтты.
        15/06/2018 16:54 5 748
        Қазақ тілінің шет елдегі рөлі: қазақ тілін меңгерген шетелдіктер сырын ашты
        Қазақ тілінің шет елдегі рөлі: қазақ тілін меңгерген шетелдіктер сырын ашты
        Қазақ тілінің шет елдегі рөлі: қазақ тілін меңгерген шетелдіктер сырын ашты
        Өзге ұлт өкілдері құрметтеп, қадірлеп, соған өз уақыттарын сарп етіп жатқанда, Қазақстанда тұрып сол қазынаны бағалай алмай жатқан отандасқа не дерсің?!
        18/06/2018 16:21 5 1004
        MTV версиясы бойынша «Үздік фильм»  анықталды
        MTV версиясы бойынша «Үздік фильм» анықталды
        MTV версиясы бойынша «Үздік фильм» анықталды
        Бұл фильм барлық жастағы көрермендерге арналған. Мен осыны көпшілікке жеткізгім келеді, - дейді басты рөлді сомдаған Майкл Джордан.
        19/06/2018 12:59 5 459
        Түркістан облыс орталығы болды: Назарбаев жарлыққа қол қойды
        Түркістан облыс орталығы болды: Назарбаев жарлыққа қол қойды
        Түркістан облыс орталығы болды: Назарбаев жарлыққа қол қойды
        Ақордада «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойылды.
        19/06/2018 17:47 6 2691
        20 маусымда Қазақстанда құбылмалы күн райы сақталады
        20 маусымда Қазақстанда құбылмалы күн райы сақталады
        20 маусымда Қазақстанда құбылмалы күн райы сақталады
        Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
        20/06/2018 09:38 0 371
        Данияр Ақышев теңгенің әлсіреуіне байланысты қазақстандықтарға кеңес берді
        Данияр Ақышев теңгенің әлсіреуіне байланысты қазақстандықтарға кеңес берді
        Данияр Ақышев теңгенің әлсіреуіне байланысты қазақстандықтарға кеңес берді
        Себебі былтыр жазда да дәл осындай жағдай болған. Сонда естеріңізде болса, теңге бағамы 340 теңгеге дейін әлсіреп, кейін қайта 320 теңгеге дейін нығайды
        21/06/2018 16:38 0 776
        Ж.Түймебаев: Түркістанның жаңа тынысы ашылғалы тұр
        Ж.Түймебаев: Түркістанның жаңа тынысы ашылғалы тұр
        Ж.Түймебаев: Түркістанның жаңа тынысы ашылғалы тұр
        Өңір басшысы Елбасы айрықша ықылас пен құрмет танытып, Түркістанды түлетуге ерекше мән беріп келгенін атап өтті
        22/06/2018 15:17 0 243