• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:00:53
Алматы
+35°

09 Шілде, 2017 NEWS

ҚЫТАЙ БИЛІГІ ҚАЗАҚСТАНҒА КӨШІП КЕТКЕН ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ АҚПАРАТ ЖИНАЙ БАСТАҒАН

Шыңжаң билігі этникалық қазақтардың шетелдегі туыстарының ақпараттарын жинастырып жатыр. Ал, олардың шетелге кеткен туыстары Қытайдың барымташы саясатынан...

Шыңжаң билігі этникалық қазақтардың шетелдегі туыстарының ақпараттарын жинастырып жатыр. Ал, олардың шетелге кеткен туыстары Қытайдың барымташы саясатынан алаңдауда. Бұл туралы Radio Free Asia жариялаған арнайы мақаланы Qamshy.kz оқырман назарына ұсынады.

Шыңжаң Іле қазақ автономиялы облысындағы Жергілікті үкімет қазақтардың үйлеріне барып, шетелдегі туыстарының ақпаратын жинастырып жатыр. Оның ішінде мамандығы, табысы, байланыс нөмірлері, тіпті шетелге қоныс аударған этникалық қазақтардың балаларының қай мектепте оқып жатқандығы сияқты ақпараттарды талап етеді. Ал, шетелге қоныс тепкен қазақтар Қытайдың осындай тексерістен соң өздеріне «террорист» айыбын тағып, елге қайтаруынан алаңдайды.

Шыңжаң Іле қазақ автономиялы облысының жергілікті үкіметі қазақтардың шетелдегі туыстары туралы ақпарат жинаған. Басты нысанасы Қазақстандағы қазақтар. Қазақстанға қоныстанған қазақтың RFA тілшісіне айтуына қарағанда, екі аптаның алдында Қоғам қауіпсіздік мекемесі (Қытай ұлттық қауіпсіздік комитеті. -ред.) туыстарының үйіне барып, өзінің тұрған орны, мамандығы, банктегі капиталы туралы ақпараттарың барлығы сұраған. Оның айтуына қарағанда Шыңжаңдағы қазақтар қоныстанған Алтайдың жергілікті үкіметі ондағы қазақтардан Қазақстандағы туыстарының қайсы өңірге, қандай ауданға қоныстанғанын, қандай мекемеде қызмет ететінін, қандай саудамен айналысатыны, тіпті қандай дүкен ашатыны туралы анық ақпарат беруді сұраған. Есімін құпия қалдырған қазақтың айтуынша, Қытай билігі осы ақпараттардан сырт, шетелге шыққандардың отбасы мүшелері, телефон нөмірі, олардың балалары қай мектепте білім алып жатқандығы, мектептің атауы қандай? Тіпті отбасы құрғаны, үйленгені туралы, баласы қайда оқитындығы туралы деректер жинастырып жатыр. Керек десеңіз, шетелге кеткен қазақтардың әйел алғандары болса әйелі жергілікті қазақ па, Оралман ба екені туралы, Қытайдың қай жерінде туғаны, не істегені, Қазақстанға қалай кеткені, қазіргі табыс жағдайы қалай екенін туралы ақпараттардың бәрін сұраған.

Тағы бір қазақтың айтуынша бірнеше күннің алдында оның Күнес ауданындағы жақын досын жергілікті полиция үйіне қайта-қайта барып, одан анкета толтыруды талап еткен. Одан сырт ештеңе жазылмаған ақ қағазға шетелдегі туыстары мен таныстары туралы білетін барлық ақпаратты беруді талап еткен.

Күнес ауданының жергілікті үкіметі қазақтардың Қазақстандағы туыстарының нақтылы жағдайын, тіпті бірнеше он жыл бұрын қоныс аударып кеткендерінің де мәліметін беруге мәжбүрлеген. Бұл негізінен орталық басқарушы Үрімжінің жүргізіп отырған саясаты іспетті.

RFA тілшісі Күнес ауданының Қоғам қауіпсіздік мекемесіне қоңырау шалып көрген. Алайда қоңырауға жауап болмаған.

Тағы бір қазақтың айтуынша, Мысырдың полициясы бірнеше күн бұрын шыңжаңдық оннан астам ұйғырды тұтқындаған. Олар бұндай қадамға Шыңжаң полициясынан алған мәлімет бойынша барған. Қытай полициясының қолында Египеттегі ұйғыр студенттердің тіпті қайдан үй жалдағаны, онда қанша уақыттан бері тұрып жатқаны, күннің қай уақытында қайда болатынына дейін ақпараттар бар болған. Қытай полициясының бар мәліметін көрген Египет полициясы қатты таңғалған. Ондағы мол дереккөзін көрген олар алаңдай бастаған.

RFA-ға осындай деректі берген қазақ Шыңжаң билігі Қазақстандағы қазақтар туралы қанық материал топтастырған соң, оларды да Мысырдағыдай тұтқындай ма деп алаңдайды.

Қазір Қазақстанға кеткен қазақтар үш түрге бөлінеді. Бірі Қазақстан азаматтығына өткендер. Екінші ықтияр хатпен жүргендер. Үшінші уақытша тіркеумен жүргендер. 

Аударған Ақан Бектас.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір