• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:22:00
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2018 Саясат

Қырғызстанның байланыс агенттігі Қазақстанға наразылығын білдірді

«Қазақстан тарапы олқылықтың көзін жою керек» делінген ведомства хабарламасында

Қырғыз республикасының мемлекетік байланыс агенттігі Қазақстанның байланыс әкімшілігіне кеден шекарасында таратқыш қуатын арттыруға қатысты шағым түсірді деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік ақпараттық технология комитетінің баспасөз қызметі.

«Халықаралық тәртіпке сәйкес, келісілген параметрден ауытқыған радиоэлектрлі құрылғыларда жұмыстар жүргізілсе, Қазақстан тарапы олқылықтың көзін жою керек» делінген ведомства хабарламасында.

Агенттік радио байланыс туралы Халықаралық конференцияда (Женева-06) сандық хабар таратуға көшу аясында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында радио жиілік диапазоны тепе-теңдік негізде белгіленгенін ескертеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір