• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:34:00
Алматы
+35°

15 Қазан, 2017 NEWS

Қырғызстанда президент сайлауы басталды

Қырғызстанда президент сайлауы бүгін сағат 8:00-де басталды

Қырғызстанда президент сайлауы бүгін сағат 8:00-де басталды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Қырғызстан президенті сайлауына 3 миллион 25 мың 768 дауыс беруші қатыса алады.

Айта кететін болсақ, бюллетеньдерде 13 үміткер көрсетілген, алайда Бақыт Торобаев пен Камчыбек Ташиев сайлауға қатысуға бас тартқандығына байланысты олардың деректері өшірілген және оларға дауыс берілмейтін болды. Бұл елде өткізіліп жатқан жетінші сайлау.  Сайлау учаскелері бүгін сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Сонымен бірге сайлауды 700-ден астам халықаралық қызметкерлер бақылап жасайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір