• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:59:26
Алматы
+35°

17 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Қырғыздар қытайларды елден қуып жатыр (видео)

Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданының тұрғындары қытайларды елдеріне қайтаруды талап етіп, наразылық акциясына шықты

Қырғызстанның Баткен облысы Қадамжай ауданының тұрғындары қытайларды елдеріне қайтаруды талап етіп, наразылық акциясына шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Тұрғындардың айтуы бойынша қытайлар алтын кенін өндіруге келген. Наразылық акциясының видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. 

Видеодағы көрініске қарағанда, наразылық акциясына қатысушылардың көбісі қарттар. Олар қытайдың қырғызға келер қаупін айтып, сақтануға шақырды.

«Біз жерімізді бермейміз. Кетсін! Үкімет бізге жәрдемақы да төлемейді. Біз өз күнімізді өзіміз көріп отырмыз. Мал бағып, егінмен айналысамыз. Қытайлар кетсін жерімізден. Олардың бізге пайдасынан зияны көп», – дейді жиналғандар.

Сонымен бірге жиналған жұртты басу үшін оппозиционер Адахан Мадумаров келіп, сөз сөйледі.

«Біз шумен ештеңе шеше алмаймыз. Осындай кең жеріміздің тағдырын жападан жалғыз шеше алмаймыз. Осы жағдайды естіген бойда, 10-15 минуттың ішінде сіздерге келдім. Біз бұған дейін де алтынсыз өмір сүріп келгенбіз. Бұдан кейін де алтынсыз сүре береміз», – деді «Келіспеймін» атты оппозициялық қозғалыстың жетекшісі Адахан Мадумаров.

Әзірге ел үкіметі бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір