• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:11:25
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 Ғылым-білім

ҚазҰУ Биотехнология мамандығының ұстаздары көшбасшылық дәріс өткізді

Білім мен ғылымды интеграциялау мақсатында қазіргі заманауи биотехнологияның алар орны орасан зор.

Елбасының Қазақстан халқына «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында  «оқыту жүйесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды ендіру керек» деген ұсынымы ЖОО білім беру мәселесін жаңартуды талап етеді. Міне сондықтан тыңдаушының білім алуына жағдай жасап кез келген мәселелерді шеше алатын креативті тұлғаны даярлау педагогтың құзыреттілігіне жатады.

Білім мен ғылымды интеграциялау мақсатында қазіргі заманауи биотехнологияның алар орны орасан зор. Жаңа заман технологиясының брендіне айналған білім көзі оқу үрдісінде де пайдалану барысында тыңдаушыны бірінші орынға шығаруды талап етеді. Негізгі ұстаным «білімді даяр күйінде беру емес, ал дәріс барысында ой қозғау арқылы сабаққа қызығушылықты уйрету мен  уйрену әрекеттерін жандандыруды талап етеді.  Сондықтан университет аралық ЖОО ұстаздарымен өз- ара қарым қатынасты нығайтып алуан түрлі дәрістерді тыңдау арқылы кәсіби біліктілікті арттыруға мүмкіндіктер көп. Осы орайда сәуір айында Абай атындағы Ұлттық университеттің Жаратылыстану және география институтының шақыруымен «Биотехнология заман талабы» атты шебер сынып дәрісі өткізілді. Шебер сыныпты Г.И. Ерназарова және С.К. Тұрашева өткізді. Шебер сынып дәрісінің басты мақсаты- жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттерінің назарын ғылым мен өндірістің жаңа саласы биотехнологиялық білімді интербелсенді оқытудың ерекшеліктері туралы ақпараттандырып идеяшыл және өз ойын еркін жеткізе алатын ертеңгі күні Еліміздің мәртебесін биікке көтеретін шығармашыл тұлғаны тәрбиелеудегі ойлармен бөлісу. Дәріс аяқталысымен тыңдармандар тарапынан сұрақтар қойылып аудиториямен қарым қатынас орнап «ұстаз міндеті түрде білім алу мен білім беруде қажетті тұлға екендігін кері байланыс арқылы дәлелдей алды. Шебер сынып соңында университет басшылығының атынан институт директоры Амантай Сағындықұлы  Сағындықов және кафедра меңгерушісі Гүлнәрай Мүсірәліқызы алғыс білдіріп болашақта да өз-ара ынтымақтастықта әр түрлі іс шаралардың қатысушы ретінде көретінін атап өтті. 

Авторлары: б.ғ.к., доцент Г.И. Ерназарова, б.ғ.к., профессор м.а. Тұрашева С.К.,  аға оқытушы Манкибаева С.А.., б.ғ.к., доцент Мукатаева К.А.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір