• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:49:27
Алматы
+35°

14 Сәуір, 2018 NEWS

Қазгидромет жыл сайын қайталанатын су тасқындарының себебін түсіндірді

«Қазгидромет» РМК соңғы жылдары елімізде көптеп орын ала бастаған көктемгі су тасқындарының себебін түсіндірді

«Қазгидромет» РМК соңғы жылдары елімізде көптеп орын ала бастаған көктемгі су тасқындарының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпараттың дерегін негізге алып.

Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек,  республика территориясы рельеф пен климаттың айрықша әртүрлілігімен ерекшеленетіндіктен, апатты гидрологиялық құбылыстар бір облыста немесе басқа да өңірлерде жыл сайын қайталанады. Қазақстан аумағында наурыз-мамыр айларында әрдайым су тасқыны жүреді.

«Су тасқыны мен су басу үлкен көлемдегі қар қоры, қардың қарқынды еруі, күзден бастап қатты ылғалданған және қатып қалған топырақ жағдайы және қатты жауын-шашынның түсуі сынды бірнеше табиғи фактор салдарынан болады. Бірақ, қар қоры көп болмаса да қатты жауын-шашын және топырақтың қатып қалуы кезінде Шығыс Қазақстан облысындағыдай экстремалды жоғары су тасқыны қалыптасуы мүмкін. Өзендерде сең кептелістерінің пайда болуы да су деңгейлерінің күрт көтерілуіне, судың тасуы мен жайылмаға шығуына ықпал етуі ықтимал», - деп жауап берді "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі агенттіктің ресми сауалына.

Тау өзендерінде су тасқыны барлық көктем-жаз мезгілінде нөсер жаңбыр жауғанда болады. Тасыған судың  басым бөлігі өзен жүйелері дамыған таулы аудандар - Алматы (су тасудың жоғары көрсеткіші мен сел) Шығыс Қазақстан (су тасқыны мен мұз кептелісі), Оңтүстік Қазақстан облыстары (су тасқыны) аумағында.

«Қазақстанның экономикасына зиян келтіретін су тасқыны қайталануы жоғарылады. Бұл, ең алдымен, соңғы онжылдықта өткен кезеңмен салыстырғанда Қазақстанның көптеген таулы өзендерінде су көлемінің артуына байланысты. Ал таулы өзендерде су көлемінің артуы және су тасудың қайталануы климаттың өзгеруіне, ауа температурасының жоғарылауына, тау мұздықтарының деградациясына және мұздықтардан су берілуінің жоғалуына байланысты. Бұдан басқа, жылымықтың әсерінен таулы аудандарда су тасқынын ұлғайтатын жауын-шашын көптеп жауа бастады», - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір