• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:40:26
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2017

Қазақтың ұлттық ойыны көкпарда қолданылатын жасанды серке жасалды

Соңғы рет шілде айының 14-і күні Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында өткен  ұлттық спорт мамандарының сараптауынан өтті

Көкпар ойыны –  арнайы аккредиттеуден өткен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына енгізілген спорттық ойын түрі. Көкпардан жыл сайын ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты тұрақты өткізіледі. Қазіргі кезде елімізде көкпаршылардың 16 ересектер, 16 жастар және жасөспірімдер командасы бар.

Көкпардан 2013 жылы 11 мемлекет командасы қатысқан Азия чемпионаты ұйымдастырылған. Ал, 2017 жылғы тамыз айында Көкпардан І Әлем чемпионаты өткізілмекші.

Бұған дейінгі уақытта көкпар ойындары үшін әр жарысқа бірнеше тірі ешкі-серкелер сойылып, жарыста сол бас-сирақтары алынып тасталған ешкілер қолданылатын. Биылғы жылдан бастап барлық көкпар ойындарына жасанды серкелер талап етіле бастады.

Тоқтарбек Кәкім 2013 жылдан бастап осы жасанды серкені әр түрлі материалдардан жасап ұлттық спорт мамандарына бірнеше мәрте ұсынып көрді.  Соңғы жасалған жасанды серке варианттарының бірі 2016 жылы өткен «Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығының» халықаралық семинар-кеңесінде талқыланған.

Соңғы рет шілде айының 14-і күні Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында өткен  ұлттық спорт мамандарының сараптауынан өтіп, көкпар ойынына толық жарамдылығы мақұлданды. Алдағы уақытта  ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арқылы Тоқтарбек Кәкім жасаған жасанды серкеге тапсырыс беріле бастайды.

Жасанды серкенің сипаттамасы:

Материалы – каучук және шынжыр темірлер.

Каучук – Қытай және АҚШ мемлекеттері өндірген материалдар қосындысы.

Қаттылығы – 40-50 пайыздық мөлшерінде.

Әр жасанды серкенің салмағы – 22 келі мен 35 келі аралығында.

Ерекшелігі — иілгіш, батпайтын қасиетке ие.

 

Ерлан Төлеубай

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір