• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:56:18
Алматы
+35°

12 Қараша, 2017 Спорт

Қазақтың Димашы кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Димаш Ниязов (12-0-3, 5 КО) Юниондейлдегі Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) - Луис Ариас (18-0, 9 КО) бокс кешінде өнер көрсетті.

Қазақстандық жеңіл салмақтағы боксшы Димаш Ниязов (12-0-3, 5 КО) Юниондейлдегі Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) - Луис Ариас (18-0, 9 КО) бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Оған бұл жолы америкалық боксшы Агустин Маурас (6-3-3, 3 КО) қарсылас болды. Алты раундтық жекпе-жек бесінші раундта Ниязовтың қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды. Бұл Димаштың кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісі болды.

Оның үстіне отандасымыз әлі күнге дейін жеңілістің не екенін білмей келеді. Ал Маурас өз карьерасында төртінші рет сәтсіздікке ұшырады.  

Айта кететін болсақ Димаш Ниязов Нью-Йорктің ең үздік полицейі атанған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір