• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:44:19
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Қазақтар тойға, өзбектер жұмысқа бара жатыр

Олар ду күлді. Мен де күліп тұрмын. Бірақ менің күлкім басқа күлкі...

Жақында Қызылордаға тойға бардым. Құдай берген «Семей-Қызылорда» пойызы баяғы. Семейден келе жатқаны бар, Алматыдан мінгеніміз бар, вагон лық толы. Қарап отырмай қасымдағылардан сұраймын: «Қайда, неге бара жатсыңдар? Қайдан, неден келе жатсыңдар?» деп. Бірі «Тойға», енді бірі «Асқа» бара жатыр. Үшінші біреу құдалықтан қайтып келе жатқан беті. Ал, мына біреу беташарға ғана қатысыпты.

Тойды бітіріп Қызылордадан Алматыға шықтым. Мұнда да сол, тойға бара жатқандар, тойдан келе жатқандар. Үстел толы тойдың асы. Ағайындар аямай салып жіберген.

Артынша Қазығұрттағы қарындасым мен күйеу бала келін түсіретін болып, сонда ұшайын. Шымкентке пойызға отырдым. Көршім мақтаншақ шал, есіп сөйлеп отыр. Алматыда тойда болыпты. Той жасаған Топтанып отырған өзбектер бір-біріне қарап күліп жіберді.інісі мейрамханаға 500 адам шақырыпты. «Менің ініммен ойнаған екенсің?» деп, сол екі арада мені кінәлі қып қояды. Қасында кемпірі. Екінші бір көршім Шымкентке бесікке саларға асығулы.

Сонымен Қазығұрттағы тойды да тындырып, Сарағаш жақтан автобусқа отырдым. Ол жақтан да көргенім тойдан қайтқан қазақтар. Бірақ олар көп емес, жолаушының дені өзбек жігіттері.

– Қайда бара жатсыңдар, тойға ма? – деймін оларға, әдейі не дер екен деп. – Мысалы мына мен тойдан қайтып барамын. Үйлену тойынан.

Топтанып отырған өзбектер бір-біріне қарап күліп жіберді.

– Той! – деді бірі таңырқай сөйлеп, – тойы несі? Біз тірлікке бара жатырмыз.

– Көктемде үйлене ме? Есі дұрыс адам күзде үйленбей ме? – дейді екіншісі.

Олар ду күлді. Мен де күліп тұрмын. Бірақ менің күлкім басқа күлкі.

Нұрлыбек Саматұлы,

Facebook әлеуметтік желісінен

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір