• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:10:58
Алматы
+35°

29 Мамыр, 2018 Ғылым-білім

Қазақстанның ЖОО-лары әлемдік рейтингке кірмей қалды

Үздік 1000 университеттің тізіміне Германиядан 54, Оңтүстік Кореядан 36 оқу орны қосылса, Пәкістанның өзінен үш оқу орны тізімге енген.

Дүниежүзілік жоғарғы оқу орындар рейтингі орталығының берген мәліметі бойынша, университеттер тізімінде алдыңғы үштікте АҚШ-тағы Гарвард, Стэнфард және Масачусетс технологиялық универстеті көш бастап тұр.

Рейтинг орталығы (CWUR) 2018-2019 оқу жылына дейін студенттердің білім сапасын, оқыту сапасын, сондай-ақ оқытушылардың беделін және олардың ғылыми жұмыстарының маңызын саралайтын, алайда университеттің тарихына сүйенбейтін жаһандық рейтинг жариялады.

Ең үздік 1000 университеттің тізімінде Қазақстаннан бірде бір оқу орны жоқ. Рейтингке Ресейден үш оқу орны енген. Олар: ММУ (126 орын), СПМУ (541 орын), МФТИ (556 орын), НМУ (695 орын), МИФИ(733 орын). 

Мың ЖОО-ның қатарына АҚШ-тан 213 , Қытайдан 130, Ұлбыританиядан 63, Франциядан 62, Жапониядан 56, Германиядан 54, Оңтүстік Кореядан 36 оқу орны қосылса, Пәкістанның өзінен үш оқу орны тізімге енген. 

Оқу орындарының рейтингі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір