• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:33:27
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Аймақтар

«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» республикалық семинары өтеді

Үстіміздегі жылдың 16-20-шы қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында  «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты республикалық семинар өтеді.

Үстіміздегі жылдың 16-20-шы қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты республикалық семинар өтеді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" орыстілді азаматтарға   мемлекеттік тілді насихаттауға арналған  шарасын өткізеді.

Шараның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі, қоғамдық көпшілік орындардағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі, патриоттық, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу.

Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер,  қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов, «Ақжолтай» газетінің құрылтайшысы, Семей аймақтық «Ақжол» партиясының төрағасы Рахат Омаров қатысады.

Барлығы жобаға 500-ге жуық адам қамтылады, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер мүшелері, орыстілді азаматтар, жұмысшы жастар және жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері.           

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір