• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:21:14
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2018 NEWS

Қазақстандық әйел Риға қонақ үйлерінің бірінде өлі күйінде табылды

Күдікті ретінде әйелмен бір нөмірде тұрған ер адам ұсталды

Қазақстандық әйел Рига қаласындағы қонақ үйде өлі күйінде табылды. Бұл туралы Латвия мемлекеттің полициясы хабарлады. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйелдің денесі 8 сәуірде қонақ үй нөмірлерінің бірінде табылған. Сарапшылар әйелдің денесінде қылқындырған іздердің барын анықтаған. Күдікті ретінде әйелмен бір нөмірде тұрған ер адам ұсталды. Полиция ер адамды әуежайдан тауып, ұстап алған. Қазір ол тергеу абақтысында. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Латвия заңы бойынша, бұл қылмыс үшін күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы немесе 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Қазақстан СІМ әйелдің қазақстандық екенін, бұған дейін Қарағандыда тұрғанын мәлімдеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір