• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:23:45
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2018 NEWS

Қазақстанда 1 шілдеден көлік құжаттары электронды нұсқада сақталады

Болашақта автокөлік сатып алар кезде кез келген адам көлік туралы толық ақпаратты арнайы порталдан көре алады.

Қазақстанда автокөліктерге арналған жаңа куәліктер 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енеді. Бұл туралы қазақстандық автобизнес қауымдастығының Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 Электронды құжатта автокөлік туралы толық мәлімет болады. Оның ішінде көлікке қойылған шектеулер, қызмет көрсетудің сапасы мен көлемі, жол-көлік апаттарында белгілі бір көліктің қатысы бар-жоғы көрсетіледі.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап автокөлік құралдарының электронды құжаттарына көшу Еуразиялық экономикалық одақта құжаттардың өңделуін жеңілдетеді және бизнестің операциялық шығындарын азайтады.

Сондай-ақ көлік құралдарын пайдаланудың барлық кезеңін ашық түрде қадағалауға мүмкіндік береді.

Электронды төлқұжатта автокөлік немесе мотоцикл туралы мәліметтер ЕАЭО-ға шығарылған немесе импортталған кезден бастап сақталады. Бұл ақпаратты бұрмалауды қиындатып, жалған құжат жасауды шектейді.

Болашақта автокөлік сатып алар кезде кез келген адам көлік туралы толық ақпаратты арнайы порталдан көре алады.

Электронды құжаттарға көшу жұмыстары біртіндеп жүргізіледі. Құжат ЕАЭҚ-тың барлық елі үшін бірдей болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір