• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:08:41
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 NEWS

Қазақстан мен АҚШ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы Министрі – Шетелдік Ауыл шаруашылығы қызметі бойынша кеңесшісі Диана Аяламен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі mcx.gov.kz мәліметіне сүйеніп. 

Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

«Біз үшін басты бағыт – тамақ өнімдерін дайын және жартылай дайын етіп шығаратын салалардың дамуы.

Қазақстан жағы өсіруден бастап терең өңдеу және өнімді саудалауға дейінгі толық циклды дұрыстау үшін америкалықтармен бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі. Біз тарапымыздан олардың жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайды жасауға әзірміз.

Бізді сонымен қатар, аграрлық ғылым мен қажет технологиялар саласы да қызықтырады»,- атап өтті А.Мырзахметов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір