• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:42:08
Алматы
+35°

19 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Қазақстан ғаламдық дәрежеде әйелдердің қорғалуына үлкен үлес қосып келеді

Қазақстан ғаламдық дәрежеде әйелдердің қорғалуына үлкен үлес қосып келеді.

Қазақстан ғаламдық дәрежеде әйелдердің қорғалуына үлкен үлес қосып келеді. Қазақпаратқа Қазақстан туралы ой-пікірімен бөліскен «БҰҰ-әйелдері» (UN Women) бейбітшілік және қауіпсіздік құрылымының басшысы Паиви Каннисто осылай деді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен құқықтарының қорғалуында біздің жұмысымызға ерекше үлес қосып жүрген Қазақстанға ризашылығымыз мол. Қазақстанның дипломатиясы бұл бағыттың алға жылжуында зор үлесін қосуда. Антиядролық күш-жігерін таныта білген Қазақстан адамзаттың көптеген халықаралық мәселелерін шешуде, ғаламдағы әйелдердің жағдайының жақсаруына атсалысып келеді», - дейді ол.

 П.Каннисто өз сөзінде жыл сайын қорғаныс бюджетіне бөлінетін қаражаттың 1 пайызын бүкіл әлемдегі елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына бөлу туралы Қазақстанның бастамасына зор баға берді.

«Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ядролық қарулардың таратылмауы тақырыбында өтетін дебаттарды асыға күтіп жүрміз. Сонымен бірге, Қазақстан Ауғанстан мәселесіне ерекше назар аударуға үндейді. Әлбетте, бұл бағыт ауған еліндегі халықтың, әсіресе әйелдердің құқығын қорғаудағы жұмысты күшейте түсері даусыз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, «БҰҰ-әйелдері» - гендерлік теңдік пен әйелдердің құқығы мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған БҰҰ құрылымы. «БҰҰ-әйелдері» Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерді гендерлік теңдік бойынша әлемдік стандарттарына сай болуға шақырады. Сонымен бірге, ұйым мемлекеттердің үкіметтерімен, азаматтық қоғамдастықтарымен бірлесе отырып, бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздардың құқығын қорғау үшін заңнама әзірлеу, саяси стратегия құру  жұмыстарын жүргізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір