• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:50:16
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 NEWS

"Қазақфильм" мен BBC түсірген деректі фильмдердің тұсаукесері өтеді (видео)

Бұл туындылардың бүкіл әлемде және Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі.

7 шілде күні «Хабар» телеарнасында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Британдық хабар тарату корпорациясы (BBC) бірлесіп түсірген екі деректі фильм көрсетіледі. Бұл туындылардың бүкіл әлемде және Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі.

Сағат 19.25-те «Алтын адам туралы аңыз» фильмі эфирге шығады, картинада сақ жауынгерінің сауыт-саймандары, жалпы белгілі археологиялық олжаның тарихы туралы әңгіме өрбиді.  

Сағат 19.50-де – Айша бибі мен Қожа Ахмет Яссауи кесенелері туралы «Ұлы дала аңыздары» фильмінің тұсаукесері.

Ұлы дала аңыздары

Айша бибінің қабір-кесенесі XII ғасырда салынған. Аңыз бойынша кесенені Айша бибі қайтыс болған жерге оның ғашығы, Тараз билеушісі Қарахан тұрғызған.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - сопы ақын Қожа Ахмет Яссауи жерленген орында салынған және XIV ғасырға жатқызылады. Құрылыс ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысаны болып табылады.

Фильмдер сондай-ақ BBC корпорациясының арналарында да көрсетіледі.

 

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір