• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:46:35
Алматы
+35°

03 Қазан, 2017 NEWS

Қазан айына арналған ауа райы болжамы

Синоптикалық процестердің өзгеруіне байланысты консултативті болжамға түзетулер енгізілуі мүмкін

Алдағы үш күнде (3-5 қазан) Таймыр түбегінен енетін суық ауа массаларына байланысты  еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Мұндай ауа райы  тіпті еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында да айналып өтпейді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп. 

Бұл күндері ауа температурасы:

солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде 0 ... 8 аяз, күндіз 0 ... 5 жылыға дейін төмендейді;

оңтүстікте және оңтүстік-шығысында түнде 3 аяз ... 5 жылыға дейін, күндіз  5... 13 жылыға дейін төмендейді.

Есесіне еліміздің батыс өңірінде антициклонның ықпалымен ашық ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы түнде 3 аяз...5 жылыға дейін, күндіз 8...16 жылыға дейін жоғарылайды.

Жұмаға қарай Жерорта теңізінен оңтүстік-батыс және батыс ауа ағымдарымен  Қазақстанның бүкіл аумағына жылы ауа массалары енеді.  7-10 қазан аралығында  ашық және ең жылы күндер орнайды.

Ауаның күндізгі температурасы :

солтүстік жартысында + 10 ... + 18 ° С

оңтүстік жартысында  + 20 ... 27 ° С жоғарылайды.

Еліміздің батысында күндізгі ауа температурасы 18 ... 23 ° C қолайлы, ашық  ауа райы ұзаққа созылады.

Ауа райын ұзақ мерзімге болжау бойынша кезекті ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі және уақытша қар жамылғысының орнауы  айдын ортасында және соңында күтіледі.

Нәтижесінде ауаның орташа айлық температурасы Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында айтарлықтай суық болады (нормадан 1 °C төмен); ал қалған аймақтарда климаттық норма шамасында күтіледі.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде нормадан көп болуы күтілуде; Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктерлі аудандарда – норма шамасында, ал  қалған аймақтарда - нормадан аз жауады.

Ескертпе: синоптикалық процестердің өзгеруіне байланысты консултативті болжамға түзетулер енгізілуі мүмкін. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір